Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 20 қазан 2023 11:00

Әскери-патриоттық сайыс «Міндет. Аброй. Ерліқ»

            Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында 2023 жылдың   19 қазанында АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру бойынша «Әскери-патриоттық тәрбие.

Міндет. Аброй. Ерліқ», жарыс үймдастырланды. Жарыстың басты мақсаты студенттердің бойында патриоттық сананы қалыптастыру, әскери қолданбалы спорт түрлерін дамыту және кеңінен насихаттау болды.

           Калашников автоматын құрастыру және бөлшектеу жарысы жай ғана спорттық жарыс емес, бұл аты аңызға айналған қаруды пайдалану тарихы мен өнерімен танысудың бірегей мүмкіндігі. Қатысушыларда жылдамдық қана емес, дәлдік, ептілік, үйлестіру, зейін және логика болуы керек. Калашников автоматын құрастыру және бөлшектеу техникалық бөлшектерді, тарихи фактілерді, мәдени сипаттарды және әскери дәстүрлерді білуді талап етеді. Калашников автоматын құрастыру және бөлшектеу сайысы тәжірибе алмасуға, үйренуге және үйретуге, достасуға және бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

        Бұл сайысқа келесі топтардан 1 курс студенттері қатысты: РХК-11, МУЗ-11, МУЗ/ДПМ-11, В-11а, В-11б, ИР-11, АК-11, У-11а, У-11б, Т-11. Байқау ережесіне сәйкес, автоматты құрастыруға және бөлшектеуге ең аз уақыт жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Шара соңында жеңімпаздар анықталды:

Жеке есепте:

1 орын - Жаксыбай Султан, Ик-11топ (33 сек.)

2 орын - Мустафина Аида, Ак-11топ (42 сек.)

3 орын - Галимов Эмиль, У-11а топ (47 сек.) 

Командалық есепте:

1 орын - ұлдар командасы Ик-11(2:19 сек.)

2 орын - қыздар командасы Ир-11 (2:23 сек.)

3 орын - қыздар командасы В-11 б (2:36 сек.)  

Колледж студенттері үшін бұл тарихты, мәдениетті және практикалық дағдыларды біріктіретін ерекше тәжірибе. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлығы ең жақсы нәтижені көрсетуге тырысты. Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа жетістіктер мен жаңа жеңістер тілеймін.

Қусеубаев Азамат Браліұлы, жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео