Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 20 қазан 2023 14:21

«Қазақ ойшылдары» сабақ-экскурсия

Жаратылыстану -гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің  МКБ-12 топтың студенттерімен,  Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайыңда,  «Қазақ ойшылдары»  сабақ-экскурсия өткізілді.

   Мұражайда жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары, Ы. Алтынсариннің кітаптары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер жиналған. Экспонаттар Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесі құрылымының қалыптасуы мен даму тарихын көрсетеді. Торғай облысы мектептерінің инспекторы бола тұрып Ы. Алтынсарин екі сыныпты төрт орталық училищенің, бес болыстық мектептің, орыс қоныстанушылары балаларына арналған екі училищенің ашылуына себепкер болды. Ол қыздар және қолөнерлік білім берудің бастауында тұрды, бұған мұражайдағы ерекше фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар куә.

     Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде ағартушы-ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді.

     Ұлы ұстаздың қандай шығармасын алсақ та білім алушысының санасын оятып, балаларға үлгі-өнеге берерлік, болашағына жол сілтерлік, оларды іс-әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды.

      Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю, талаптылық,  жигерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық т.б. осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.

 Ахметов Ж.М. жалпы білім беру пәңдердің оқытушысы

 Біз МҚБ-12 тобы 19.10.2023жылы экскурсиялық сабақ аясында Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайға бардық.

     Қазақ жастары үшін патриоттық сезімін оятатын саяхат десек артық болмас. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқын білімге, өнерге және еңбекқорлық сияқты құндлықтарға баулып, көптеген мұраларын қалдырып кеткен. Қостанай қаласындағы мұражайдың атмосферасына еніп, біршама ақпараттарды жинақтадық. Ыбырай атамыздың өмірінің қалай өткені, халық үшін сіңірген еңбегі мен таңбасының тарихи жолы бейнеленген көрнекіліктерге толы.                                                                                                

          Мұражайда Ыбырай Алтынсаринның қолданған заттары мен сабақ берген сыныбының макеті жасалған. Топ студенттерінің назарына түскен қолдан жасалған сынып бөлмесі және Алтынсарин атамыздың макеті болды. Ол шыңайы жасалғаны соншалықты студенттердің барлығы сынып ішіне кіріп жақыннан көре алды. Әрбір заттың тарихына көз жүгіртіп қана қоймай, сол заманды сезініп, көз алдымызда тарихтың хронометражы жүріп жатқандай болды. Ыбырайдың шығармалары туралы және басқа да Қостанай облысынан шыққан ғалымдар жайлы ақпарат білдік. Мұражайда тоқталып қана қоймай орталық саябаққа барып қайттық. Ол жерде Ыбырай атамыздың ескерткішін тамашалап, фотосуретке түстік. Қостанайдың мәдениетін тамашалау экскурсиясы жан жақты және қызықты өтті. Рухани құндылығымызды дамыту саясында жүргізілген сабақ қатты ұнады және біздің ойымызша өте пайдалы болды. Қорытындылай келе МҚБ-12 тобының студенті Байдрахман Назеркенің атамызға шығарған ақындық өлеңімен аяқтағымыз келеді.

  Ыбырай баба

Еңбегін Ыбырай бабамның,

Жыр қылып ұрпақ шертеді.

Жарығы болып даламның

Ашылған тұңғыш мектебі.

Ұрпағы үшін тер төгіп,

Ұлағат берер жыры бай.

Білім нәрін елі еміп

Елі үшін туған Ыбырай.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео