Сонымен қатар, Қостанай педагогикалық жоғары колледжінің Ақ-21 тобының студенттері мен «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна да өткізілген конференцияда бой көрсетті. Диалогтық алаңның басты талқылау тақырыбы Қазақстан Республикасының негізгі және жалғыз ұлттық мерекесі болды.
Іс-шараға шақырылған қонақтар мен студенттер алдында екі спикер, атап айтатын болсам: Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, Қостанай облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Санатының экс-депутаты Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы және заңгер, ғылыми жетекші Укин Сымбат Кенжебекович сөз сөйлеп, іс-шара кешінің қызықты әрі танымды болып өтуіне өз үлестерін қосты.
Аталаған іс-шараны спикерлер құттықтау сөздерімен бастап, Республика күнінің негізгі мақсаты, тарихы, орын алған мәселелер мен 2009 жылы бұл күн мереке атағынан не себепті алынғаны туралы өз ойларын білдірді. Сонымен қатар, диалогтық алаң еркін негізде орын алды. Яғни, тек спикерларға ғана емес, жас студенттерге де сөз сөйлеп, сұрақ қоюға рұқсат етілді. Соның нәтижесінде біз өзімізді қызықтыратын сұрақтарды қойып, лайықты жауап ала алдық. Қойылған сұрақтар арасында аға-буындардың қазіргі ұрпаққа деген көзқарастары сұралған болатын. Бұл сұраққа «-Жас ұрпақта қандай да бір кемшіліктер, дұрыс емес қылықтар болса, ол бірінші орында біздің, яғни, аға буынның кінәсі болып саналады. Себебі олар бізден үлгі алып, біздің артымыздан еріп өсті, өздерімен өздері жаман қылықпен қалыптаспады, оның барлығында біздің үлесіміз бар. Сондықтан ең алдымен өзімізді түзеуіміз керек»,-деп Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы жауап қатты. Жалпы, конференцияда тек қана бір тақырып қозғалмады. Шақырылған екі спикер өз бастарынан өткен оқиғаларын, жастық шақ кезеңіндегі Қазақстан мен қазіргі Қазақстанның қалай және қандай бағытқа өзгергенін баяндады. Іс-шара өте еркін түрде, қатаң әрі қатал көзқарастарсыз өтті. Өзара әңгімелер шығып, студенттер өздерінің білімдерін біраз шыңдап қайтты. Шақырылған «Аманат» жастар партиясының мүшелері де тыс қалмай, пікір алмасып, сұрақ қойып белсенділік танытқан болатын.
Қорытындылай келе, өткізілген іс-шара колледждерден келген студенттер үшін де, шақырылған қонақтар үшін де, тіпті спикерлер үшін де өте танымды әрі қызықты өтті деп санаймын. Себебі, айтып өткенімдей, аға буын өздерінің жас кездерін, орасан еңбектерінің дара жолдарын естеріне алып, бізге ақыл-кеңестерін айтып, шыңдады. Бұл кештің арқасында біз еліміздің, республикамыздың даму жолын, маңыздылығын, бастан кешкен қиыншылықтарын тағы бір мәрте түсініп, ойымызға сақтадық. Және де ең маңыздысы біздің артымыздан еріп келе жатқан ұрпаққа біз де өз тарихымызды, мерекелерімізді түсіндіріп, ата-баба аманатын жеткізе алатындай ой түйдік. Осындай айтулы мерекелер қарсаңында бүгінгідей шаралардың маңызы өте зор деп білемін. Және әрі қарай ізін қуып, жалғасын таба бергенін шын жүректен қалаймын.
Орындаған: Қостанай жоғарғы педагогикалық колледжігің студенті: Салкен Алина Мауленқызы
«Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі: Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна