Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« October 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Дүйсенбі, 23 қазан 2023 09:59

Чемпион атану арман, мақсаттардан бастау алады

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің түлегі, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат Ангелина Тюрикова Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Жазғы Азия ойындарында оқ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының құрамына енді.

2019 жылы Ангелина Қостанай жоғары педагогикалық колледжіне, бастауыш білім беру мамандығына түсті. Колледжді қызыл дипломмен бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі біліктілігін алды.

Оқ атумен бірінші курстан айналыса бастады, Қостанай облысы әкімдігі Денешынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектер спорт клубы» КММ-де жаттығады, бірінші жаттықтырушысы - В. В. Кнышев, қазіргі уақытта оны А. Ж. Шунаев жаттықтырып  жүр.

2021 жылдан бастап Ангелина Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамына кірді. Бұл спорт түрімен 3 жыл айналысып келеді. Паралимпиадалық старттарда оқ атудан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді: ҚР кубогы, Алматы қаласында 5- орын, 2020 жыл; оқ ату жұбының Бас жүлдесі, Нови-Сад қаласында (Сербия)  9-орын, 2021 жыл; ҚР чемпионаты, Алматы қаласында 3-орын, 2022 жыл; кубок оқ атудан ҚР, Алматы қаласында 2- орын, 2023 жыл. 2023 жылы Ганновер қаласында (Германия) пара оқ атудан жарысқа қатысты; Осиек қаласы (Хорватия) - халықаралық нормативті орындады, 2023 жыл.

Қазіргі уақытта Ангелина Hangzhou 2023 «Asian para Games» халықаралық кешенді іс-шарасына қатысуда.

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің педагогикалық және студенттік ұжымдары өз түлегін мақтан тұтады. Біз Ангелинаға ең жоғары жеңістер тілейміз!

 

                                                     М.Дюсекеева,

                                                     денешынықтыру пәнінің оқытушысы

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео