Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 30 қазан 2023 15:16

Спандияр Көбеев - ағартушы -педагог

«Оқуға құштар колледжі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің акт залында 27 қазан күні Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына орай, кітапхана қызметкерлері педагогика және психология кафедрасымен бірлесіп, «Спандияр Көбеев - педагог және ағартуша» атты әдеби кешін өткізді.

Кітапхана қызметкерлері «Асыл ұстаз, жазушы» - «Драгоценный учитель, писатель» атты мазмұнды көрме ұйымдастырды, онда автордың кітаптары, ұлағатты ұстаз туралы әр жылдардағы жарияланымдар, сондай-ақ «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ және колледж мұражайы ұсынған мұрағаттық материалдар ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында тамаша педагог, белгілі ағартушы, атақты жазушы, аудармашы және гуманист Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толды. Ол 1878 жылы 1 қазанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1887 жылы Ы. Алтынсариннің көмегімен Сауытбай ауылында ашылған екі жылдық мектепке түседі. 1892 жылы осы мектепті бітіріп, болыстық мектепте, ал кейін, яғни  1895 – 1897 жылдары Қостанай қаласындағы орыс-қазақ мектебінде білім алады. 1898-1901 жылдары ол мұғалімдерді даярлау курстарын бітіріп, бастауыш мектепке жолдама алады.

Спандияр Көбеев  - Ыбрай Алтынсариннің лайықты шәкірті, оның жолын жалғаған лайықты ізбасары. Ол педагогика мен жазушылық қызметті қоса атқарды. Жазушы ретінде  балалар әдебиетін дамытуға үлкен үлес қосты.

«Үлгілі тәржіме» (1910), «Үлгілі бала» (1912) кітаптарына енген өлеңдер мен әңгімелер жасөспірімдерді еңбек етуге, достық пен   ынтымақтастыққа, білім алуға шақырады. Оның шығармаларында жалықтыратын мораль жоқ, кейіпкерлер оқырманға не істеу керектігін айтады. Спандияр Көбеев Иван Крыловтың мысалдарын мағынасына сәйкес қазақ тіліне аударды, бұл тікелей аударма емес. Қазіргі уақытта бұл шығармалар өз мағынасын жоғалтқан жоқ.

1939 жылы Спандияр Көбеев білім беру саласындағы ұзақ қызметі үшін Ленин орденімен марапатталды. 1944 жылы оған «ҚазКСР-ң еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағы берілді. 1974 жылы ол Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1949 жылы екінші рет Ленин орденімен марапатталды. 1951 жылы жазушының «Орындалған арман» мемуарлық  еңбегі жарық көрді. Өмірінің соңына дейін ол өзінің туған ауылы Ақсуаттың он жылдық орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.Ол тек мектептегі қызметімен шектеліп қана қоймай, ауыл тұрғындарына кітап оқи жүріп, оқу-ағарту жұмысын жүргізді, сөйтіп, елге ағартушылық қырымен де танылды.

Қазақ классикалық әдебиетінің алғашқы романдарының бірін жазған да Спандияр Көбеев болды. Ол жөнінде автор былай деп жазады: «Надандыққа, ескішіл салтқа қарсы күрес жүргізудің  бірден-бір жолы- халықты ағарту, балаларды оқыту, халықты сауаттандыру деп ойладым.Алайда бір ғана бала оқыту жеткіліксіз екеніне көзім жетті. Халық санасына күшті әсер ететін құрал  көркем әдебиет екеніне көзім жетіп, «Қалың мал» романын» жазуға кірістім». Роман 1913 жылы жарық көрді. У-11б тобының студенттері, топтың кураторы М.С.Баган, осы романнан  үзіндіні сахналап,  жиналғандарды қазақ бұқарасы тарихының С.Көбеев баяндаған кезеңіне бойлатып,тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрімен қауыштырды.

М-21 тобы, топ кураторы Г.Ж.Кубегенова, мемлекеттік тілде «Атасы мен немересі» әңгімесінен сахналық қойылым көрсетті.

Мәнерлеп оқу шеберлігін ХҚБ-12 тобының студенті Диас Қадырқожа көрсете білді.

Педагог А. А. Өмірзақовтың жетекшілігімен музыка бөлімінің студенттері «Ерке-Сылқым» күйін  күмбірлетсе, «Балбырауын» күйін М-21 тобының студенті А. Қалибекова орындады.

Әдеби кешке ҚР Білім беру ісінің үздігі, педагог-жазушының мұрасын зерттеуші Пиалаш Балтақызы Сүйінкина арнайы шақырылып, ол Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады. Ол атақты ұстаздың мұғалімнің абырой-беделіне қатысты пікірлерінің қазіргі педагогтерге қойылатын талаптармен үндестігіне мән берді.

Жазушының мерейтойлық күніне ерекше назар аудару оның ұлттық әдебиетті тәрбиелеу мен дамытуға қосқан үлесімен оңай түсіндіріледі. Сондықтан Спандияр Көбеевтің шығармашылығы халықтың жүрегінде мәңгі қалады. Кешке қатысушы студенттер педагог-жазушы С.Көбеевтің мұрасымен кеңірек танысып, ұстаздықтың үздік үлгісін танытқан ардақты тұлға тағылымынан нәр алды, болашақта кәсіпқой маман болудың  қыр-сырына қанықты.

 

                        Р.Ш.Урузбаева,    кітапхана меңгерушісінің м.а.,

                         З.М.Байнакатова,  педагогика және психология 

                    кафедрасының  меңгерушісі

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео