Кейбір адамдардың ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, тағы біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, кей адамдар – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң ғана таңдайды. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өз-өзінің бейімділігін тануы қажет деп білемін. Осы көп салалы өмірде мамандықтың түрлері өте көп. Әрине таңдау жасау да оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет деп ойлаймын.Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының білімалушылары өз жүрек қалауларымен оқуға түсті деп үміттенемін.
06 қараша айында мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының ашылуы өтті. Дүйсенбі көңілді әуендермен В-41 тобының студенттерінің таңғы «Қуанышты кездесулердің таңы» жаттығуынан басталды. Таңғы жаттығу және білімалушыларға жұмбақтар ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтті.
Сағат 09.35 те мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының салтанатты ашылуын Т-11 тобының білімалушысы Қауыс Әсел, В-11а тобының білімалушысы Карина Асия жүргізді. В-41 студенттері қойылым көрсету арқылы , кафедра апталығының іс-шараларымен таныстырса , Т-11 тобының студенттері «Тәрбиеші апайым» әнімен жалғастырды.
Жарқын көңіл-күймен басталған апталық жемісті аяқталады деп үмітенеміз.
Абжанова А.К.,
мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының меңгерушісі.