Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« July 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Жұма, 10 қараша 2023 17:47

«Мерейтойыңызбен сүйікті колледж!»

Өмір бойы колледжімді жыр етем, Бір өзіңде бақыт,білім, берекем. Шәкірттерің өрістесін,өрлесін, Құтты болсын 60 жылдық мерекең!

Халық даналығы: «Таудың басында жағылған от оның етегіндегілерді жылытпайды» дегендей, бірақ та  біздің педагогикалық ұжым ортасы жақсылыққа толы. Жұмыс жасауға уақыт бөлу – сәттіліктің шарты, ойлануға уақыт табу – күштің қайнар көзі,  достыққа уақыт табу – бақыттың шарты! 2023 жылғы 10 қарашада мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасы апталығының жабылуы ұйымдастырылды. Іс-шара Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің алпыс жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылды. Негізгі мерекелік іс-шараға қатысушылар-мектепке дейінгі бөлімнің білімалушылары. Бөлім білімалушылары колледжді мерейтойымен құттықтауға белсене қатысты. Білімалушылар нөмірлерді дайындау барысында шығармашылық пен ізденпаздықтарын көрсетті. Мереке барысында көрермендер білімалушылар өмірінен, педагогтардың қызметінен әзіл-сықақ көріністерді көріп, музыкалық және вокалдық нөмірлерді, хореографиялық композицияларды тамашалады.Мектепке дейінгі тәрбие кафедарсының еңбек ардагерлерін,түлектерін және колледж қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Жұмыс жасауға уақыт табу-сәттіліктің шарты, ойлануға уақыт табу-күштің қайнар көзі, достыққа уақыт табу-бақыттың шарты. Қонақтар мен білімалушылар, мерекені ұйымдастырушылар мерекелік іс-шарадан көптеген жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй алды.

 

                                                          Абжанова А.К.

                                 мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының меңгерушісі.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео