Наталья Васильевна Жумальдидаеваның ата-аналар жұртшылығымен және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерімен кездесуі өтті. Өткізілген кездесу барысында педагогтер мен ата аналарды толғандыратын сұрақтарға толық жауаптар берілді. Қостанай облысының педагогикалық қауымдастығына сөйлеген сөзінде Наталья Васильевна білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен білім алушылардың сапалы білім алуына ерекше назар аударды, өйткені біздің мемлекетіміздің саясатының маңызды басымдықтарының бірі - баршаға қолжетімді және сапалы білім беру. Сондай-ақ, Қазақстан педагогтерінің I съезіне арналған «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының Жобасына баса назар аударылды, облыстың педагогикалық жұртшылығы алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жергілікті жерлерде іске асырылуы қажет міндеттер қойылды.
Чуркина Т.А., директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары