Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 16 қараша 2023 14:32

Кітап оқиық, достар!

"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи.

Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді біз барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады. Қазіргі таңда мен «Мектепке дейінгі тәрбие жіне оқыту» бөлімінде  2-3-4 курс студенттеріне дәріс беремін.Мен жалпы білім алушыларға балалар әдебиеті мен тіл дамыту әдістемесінен дәріс беремін.Менің міндетім алдыма келген білім алушыларым таза анық сөйлеп, өз ойларын айта білуіне көп көңіл бөлемін. «Оқуға құштар колледж» атты бағдарламаға сүйеніп былтырдан бері студенттермен көптеген кітаптар оқып , дәріс соңында 10-15 минут қалдырып әдебиет сабақтарымда талдап отырамыз.Қазіргі таңда А.Құнанбаевтың 1-2 томын оқыдық, сонымен қатар Т.Әбдіковтың  «Оң қол», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» оқып шықтық.

Кеше , яғни 15 қараша күні «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ «Южный» кітапхана – филиалында «Төлен Әбдіков- қазіргі қазақ прозасының  шебері» атты дөңгелек үстел өтті. Осы іс – шараға Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің Т-21 топ студенттері  мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің  2 курс студенттері мен педагогтары қатысты.Бізге алдын ала Төлен Әбдіковтың өмір баяны мен шығармаларын қарап, біліп келуді ұсынған еді. Сол себепті Т-21 тобының студенттері осы жазушы жөнінде оқып дайындалып барған едік. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы:Искакова Салтанат Бағытжанқызы білім алушыларға жалпы кітап оқудың пайдасы жөнінде айта келіп жалпы Т.Әбдіковтың шығармаларына тоқталып, бейне таспадан жазушының өміріне шолу жасады.Содан кейін кезекті білім алушыларға берді. Біздің жерлесіміз Т.Әбдіков туралы екі жақтың студенттері жарыса сөйлеп, түгелдей жазушының прозалық және пьеса әңгімелері туралы жақсы білетіндерін көрсетті. Екі жақтың студенттерімен «Оң қол» және «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» шығармаларына талдау жасадық. Бұл шығармалардың тәрбиелік мәнін ашып, қазіргі өмірмен салыстырдық. «Оң қол» әңгімесіндегі Алманың осындай қиын зұлымдық тағдырға алып келген, отбасындағы мейірімділік пен сүйіспеншіліктің жетіспеушілігінен Алманың жалғыз қалуы. «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» бұл шығарманың қазіргі кездегі қыздардың махабатқа немқұрайлы қарайтындығы,өздерін жеңіл желпі ұстап, жаман жолға қалай түскендерін түсінбейтінін,сана жоқтығын, бұл әңгімені қазіргі кезбен студенттеріміз  жарысып, өз ойларын сондай керемет жоғарғы деңгейде жеткізді.Өткен іс –шара жазушының әңгімелерінің адам бойындағы жан дүниесін ғана сипаттамай қоймай ,қазіргі кездегі адам бойындағы қатыгездіктің бойлап кеткені мен мейірімдіктің жоғалуы жайында тамаша жеткізген. Сондықтан құрметті білім алушылар мен оқырмандар мүмкіндігімізше телефонда отырмай,кітап оқып, бір –бірімізбен сырласып ой тарқатып,жақсы қарым – қатынас жасауға үйренейік.Төлен ағайдың кітаптары тұнып тұрған адамгершілік тәрбиенің көзі.Әр білім  алушыларға осындай шараларды жиі өткізіп дисскусиялар жасап, өз оқыған кітаптарымен бөліскен қандай жақсы. Болашақта достар, кітап оқиық, кітап оқыған адам ғана биік белестерге жетеді деп сенім білдіремін.

  Метепке дейінгі тәрбие және оқыту

 кафедраның оқытушысы: Рахпанова Б.Г.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео