Холдингтің негізгі және ұзақ мерзімді әріптестері: Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі, білім мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы, республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана, өңірлік білім басқармалары болып табылады. Қостанай облысының педагогтары мен білім алушылары «Study Inn» Білім беру холдингі конкурстарының белсенді қатысушылары болып табылады. Биылғы жылы жеңімпаздар қатарына біздің колледж студенттері Қусайынов Султан мен Байбулова Амина (ғылыми жетекшісі Султанова Г.Е.) 10-11 сынып оқушылары мен ТжКББ студенттері арасында жыл сайынғы «BUSINESS START» байқауында 1 орынды иеленді. Конкурстың мақсаты: кәсіпкерлікте ғылым мен техниканың жетістіктерін толық пайдалана алатын қазіргі заманғы кәсіпкердің құзыреттері мен дағдыларын қалыптастыру, жаңа тауарлар, қызметтер жасауға, оларды ілгерілетуге, басқаруға және жетілдіруге бағдарлау. «Study Inn» халықаралық біліктілікті арттыру және сертификаттау орталығының директоры Г. Г. Бекжанова Султан мен Аминаға ЖОО-да бір жылдық оқу ақысын төлеуге құқық беретін 1 миллион теңгелік сертификат табыс етті. Гульнар Гиниятовна Қостанай Жоғары педагогикалық колледжінің әкімшілігі мен ұжымына белсенді өмірлік ұстанымы бар білім алушыларды тәрбиелегені және дайындағаны үшін үлкен алғысын білдірді.Султан мен Аминаны осындай табыспен құттықтаймыз! Қол жеткізілген жетістіктермен, жаңа жеңістермен және «Асар» жобасын табысты ілгерілетумен тоқтамауды тілейміз!
Экономикалық пәндер оқытушысы Султанова Г.Е.