Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Жұма, 24 қараша 2023 14:55

С.Көбеев еңбегін талдаудан кейінгі ой-тұжырымдар

Биыл облысымыздың Меңдіқара ауданының тумасы, Ыбырай Алтынсариннің ізбасары, педагог - жазушы Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына орай, 22 қараша күні Қостанай жоғары педагогикалық  колледжінің  Ак-21

тобының студенттері жазушының төл тумаларының бірі, қазақ әдебиеті тарихындағы қара сөзбен жазылған алғашқы көлемді шығарма, 1913 жылы жарық көрген «Қалың мал» романына кең көлемде талдау жасап, бір- бірімен пікір алысты. Сіздерге айтуға міндеттіміз деп санаған, өмірлік қажеттілікті ой- санаға ұтқырлықпен құюды парыз деп білген ең өзекті өмірлік тілектер мен  өтініштеріміз жетерлік. Соның бірі кітап оқудың адамзат баласына тигізетін мол пайдасының жай - жапсары жайында болатын. Соларды назарларыңызға ұсынуды жөн санадық. Кітап оқудан қалған ұлт, әсіресе оның ұрпақтары орны толмас ауыр рухани құлдырауға ұшырамай қоймайды. Демек, надан,кеще,мәңгүрт... ел, ұлттың болашағы оңбайды. Өйткені, егерде біз кітап оқудан тыйылсақ, онда ой ойлаудан да, айналамыздағы құбылысты талдау, барлау қабілетінен де, адамгершілік қасиеттен де, тіпті құнды ұтқырлық атаулының бәрінен де айырыламыз. Сонда төрт аяқты малдан адамның айырмасы қандай дәрежеде болмақ? Азғындық пен жұтаудың сан қилы түрін бір сәтке болса да, көз алдыңызға елестетіп көріңізші, ағайын. Бұл - сөз жоқ, қауіпті және өкінішті. Кітап - адамзат баласының сан ғасырлық ақыл - ойының оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым - танымының алтын сандығы. Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деуі осыдан. Әлбетте, кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымның құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерден кейін өмірлік қажетіңе жарата білу, бұл - әрбір адамның білімі мен білім деңгейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі. Сонымен бірге көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да - кітап екені ақиқат. Сондай - ақ оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты тұлға болуға құлшыну, бұл - теңдесі жоқ құбылыс. Демек, кітап оқу, бұл - текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу бағытында құрыштай шыңдала түсудің айтулы көрсеткіші екені хақ.

 Кітапханашы Ш.У.Хусайынова

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео