Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 29 қараша 2023 09:38

Өшпес із қалдырған ұстаз!

Ұстаз, ақын Василий Амельянович Шалабаев 1934 жылы Түмен облысының Криволуск ауылында көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген.

Ата – анасы Қостанай облысы Урицкий ауданынан шыққан. В. А. Шалабаев орта білімді соғыс жылдарында алған. 1959 жылы Петропавл педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, Омбы облысының Түмен жеті жылдық мектебінде, ал 60-жылдардың басынан бастап Қостанай облысының мектептерінде орыс тілі, әдебиеті мен тарихынан сабақ берген. Василий Амельянович Шалабаев ең алдымен ұлағатты ұстаз болатын. Бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ол әрбір шәкіртіне ерекше сүйіспеншілікпен, ерекше үмітпен, ерекше сеніммен қарайтын, оны оқушылары терең білімі, даналығы, адамгершілігі үшін жақсы көрді. Василий Амельянович Шалабаев Докучаев орта мектебінің директоры болған. Сонымен қатар, ол Урицкий және Обаған аудандарының мектептерінде педагогикалық ұжымдарды басқарды. Оның ұйымдастырушылық және педагогикалық талантының арқасында үш сегіз жылдық мектеп орта мектеп болып қайта құрылды. Тагил және Ленинград мектептері оның басшылығымен республикалық конкурстарда үлгілі мектеп атағын алды. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Филология» кафедрасы апталығы аясында  ұстаз, ақын Василий Амельянович Шалабаевтың шығармашылығына арналған «Өшпес із қалдыру» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 1 курстың 13 студенті қатысып, Василий Амельяновичтің өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Атап айтқанда, РХК-11 тобының студенті  Шулика Виктория «Мой друг»,  Ик-11 тобының студенті Исмагамбетова Медина «Тимуру внуку», Ир-11 Кайырбек Куандык «Американскому парню» атты өлеңдерін оқып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар сахнада «Абайға», «Қазағыма қалқыма», «Райханға», «Өмір өзені» атты өлеңдері де көрермен көзайымы болды. Осы сайыстың әділ бағасын беріп, студенттердің дарынын шынайы, әділ бағалауға ат салысқан  В.А.Шалабаевтың балалары мен Қостанай жоғары педагогикалық колледжі қамқоршылық кеңесінің төрайымы Кәрімова Сәуле  Елеусізқызы, Филология кафедрасының оқытушысы Құдиярбекова Айгүл Мақсұтқызы болды. Халқына еңбегі сіңген ұлағатты ұстаздың өлеңдері болашақ ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие берері сөзсіз. Әрбір қатысушы, әрбір студент, қонақтар, оқытушылар ақын өлеңдерінен халқының нағыз патриот ұлының тұлғасын сезінді. В. А. Шалабаевтың ұрпақтары іс-шараны ұйымдастырған Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің ұжымына ризашылықтарын білдіріп, әкелері туралы естеліктерімен бөлісті.

 

Филология кафедрасының оқытушысы

Жармұхамбетова Алтынгүл Алдабергенқызы

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео