Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 29 қараша 2023 15:33

Педагогтің кәсібилігі - сапалы білім мен тәрбиенің кепілі!

2023 жылдың 29 қарашасында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде педагог - жазушы Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына арналған «Педагогтің кәсібилігі - сапалы білім мен тәрбиенің кепілі»

атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына арналған дөңгелек үстел өтті. Биыл жерлесіміз, педагог- жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толды. Ол «Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі» атағын алған алғашқы мұғалімдердің бірі.  Ыбырай Алтынсариннің лайықты шәкірті, оның ізін батыл басқан табанды мұрагер. Ол педагогика мен жазушылық қызметті қатар қолдана алды. Спандияр Көбеев 1878 жылы 1 қазанда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Құрманбай өткелі деп аталатын күзекте дүниеге келген. Спандияр 1887 жылы 10 желтоқсанда ұлы  ағартушы-педагог ашқан мектеп табалдырығынан аттайды. Кейін ол болыстық орысша, Қостанайдағы екі жылдық орыс-қазақ мектебінде - барлығы он жыл оқып,  1897 жылы жаңа өмірге қанат қағады. Қостанайдағы  екіжылдық педагогикалық курсқа түсіп, оны 1900 жылы бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шығады. Бастапқыда өз аулындағы балаларды оқытады. 1901 жылдың тамыз айында, жас маман  Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм дейтін, Қостанайдан мың шақырымға жуық жердегі ауылдық мектепке оқытушы болып тағайындалады. Кейін Петропавл уезіндегі Нілді болыстық мектебіне мұғалім болып тағайындалады. Петропавлдағы мектептен С. Көбеевті  Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы Федоровка селосында ашылған екі класты орысша-қазақша мектепке оқытушы етіп жібереді. Мұнда ол 1919 жылдың күзіне дейін оқытушы болып істейді. Аяулы ұстазы Ы.Алтынсарин сияқты мектеп салу жұмысына жіті көңіл бөліп, Меңдіқара ауданындағы Қарқын, Құмтөбе, Шолақсай, Қамыстыкөл, Ұялысай деген көршілес ауылдарда және өз ауылы –Ақсуатта-бастауыш мектептердің ашылуына мұрындық болды. Кейін облыстық оқу бөлімінің бастығымен сөйлесіп, өзі қызмет етіп жүрген Ақсуат бастауыш мектебінің жетіжылдық, ал Ұлы Отан соғысы жылдарында онжылдық мектепке айналуына қол жеткізді.  С. Көбеев екі мәрте Ленин орденімен марапатталып, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім» атақтарына ие болды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. Осындай ұстаз еңбектерін жас ұрпаққа жеткізіп, қалдырған асыл мұрасын дәріптеу мақсатында өткен республикалық ғылыми конференцияға Қазақстанның көптеген жерлерінен (Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан және т.б. көптеген аймақтардан), әріптестеріміз, студенттер, оқушылар қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда,  педагогикалық еңбек ардагері, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері,  Ыбырайтанушы, Спандияртанушы Сүйнкина Биалаш Балтақызы, Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Өтелбаева Салтанат Амантайқызы Спандияр Көбеевтің оқытушы беделі туралы, оның мұраларын зерттеу туралы жаңа құнды ақпараттармен бөлісті. «Елге сіңірген еңбек жақсы, еңбекті елеген  ел жақсы» деп, С.Көбеевтің өзі айтқандай, оның жан-жақты еңбегі жас буынға үлгі болары сөзсіз.  Ыбырай ұстазының шапағатына бөленген С.Көбеев тек жақсы мұғалім ғана емес, педагог-жазушы атанып, қазақ тарихында мәңгілік қалды.

Филология кафедрасының оқытушысы

Жармұхамбетова Алтынгүл Алдабергенқызы

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео