Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 29 қараша 2023 15:43

Педагогтер мен білім алушылардың «Мектепке дейінгі білім беру: қазіргі жағдайдағы даму стратегиялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуы

2023 жылғы 23 қарашада мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушылары мен «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы В-22 және В-32 топтарының білім алушылары

«Мектепке дейінгі білім беру: қазіргі жағдайдағы даму стратегиясы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияны ұйымдастырушы – «Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті» БМ, Минск қаласы, Беларусь Республикасы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізудің мақсаты: рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тұлғаны тәрбиелеуге жүйелі көзқарасты қамтамасыз ету үшін, мектепке дейінгі мекемелердің, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында диалог алаңын құру, мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогикалық идеяларды шоғырландыру. «Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мамандарын даярлау саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел университеттің мектепке дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары мен мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының педагогтері арасында пікірталас түрінде өткізілді. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, университеттің мектепке дейінгі білім беру факультетінің деканы Ольга Николаевна Анцыпирович қатысып отырған әріптестеріне құттықтау сөз сөйледі. Ол Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің мектепке дейінгі білім беру факультетінің мектепке дейінгі білім беру жүйесіне мамандар даярлау жөніндегі қызмет бағыттарымен таныстырды. Болашақ педагогтерді даярлаудың бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және орта арнайы білім беру деңгейінде «Мектепке дейінгі білім беру» мамандығының білім алушыларын даярлау перспективалары туралы әріптестер - педагогика ғылымдарының  кандидаты, Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті жалпы және мектепке дейінгі педагогика кафедрасының доценті  Татьяна Евгеньевна Титовец және Минск қаласы республикалық кәсіптік білім беру институтының жалпы және кәсіптік педагогика кафедрасының аға оқытушысы, әдіскер Наталия Вацлаповна Агеева – тәжірибе бөлісті. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының педагогтері Любовь Викторовна Саулина мен Галина Алексеевна Попова мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының болашақ мамандарын даярлау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.  Болашақ тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі ресурстарының бірі оқыту процесінде геймификация технологиясын қолдану болып табылады. Любовь  Викторовнаның «Геймификация білім алушыларда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың инновациялық ресурсы ретінде» тақырыбы бойынша, оқу процесінде білім алушылардың мотивациясын арттыру, білім беру сапасын арттыру және жеке құзыреттіліктерін қалыптастыру туралы сөйлеген сөзі пікірталасқа қатысушылардың шынайы қызығушылығы мен оң пікірлерін тудырды. Колледж педагогтерінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың инклюзивті білім беруі туралы болашақ мамандардың ғылыми түсініктерін қалыптастыру, мектепке дейінгі білім беру деңгейінде білім берудің инклюзивті моделін іске асыру мақсатында студенттердің танымдық және практикалық дайындығын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы Галина Алексеевна Попова өз тәжірибесімен бөлісті. «Қостанай қаласының мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі инклюзивті және арнайы білім беру шеңберіндегі түзету қолдауы» тақырыбы бойынша өз сөзінде дөңгелек үстелге қатысушыларды колледждің мектепке дейінгі тәрбие кафедрасы педагогтерінің жұмыс тәжірибесімен, Қостанай қаласындағы инклюзивті білім берудің жай-күйін зерттеу қорытындыларымен, мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың инклюзивті тәсілін енгізу бойынша студенттерге арналған оқыту бағдарламасын іске асыруға қатысты тәжірибесімен таныстырды. Конференция жұмысына келесі педагогтер қатысты: Әлия Өтегенқызы Молдабаева, мақаласының тақырыбы: «Ересек мектеп жасына дейінгі балаларда туған өлкенің табиғаты туралы жүйелі білімді қалыптастыру моделі», Мәншүк Жеңісқызы Нұрпейісованың мақаласының тақырыбы: «Ересек мектеп жасына дейінгі балаларды отбасы әлемімен таныстыру». Сондай-ақ В-32 тобының білім алушылары – Айым Батыр «Лэпбук 4-5 жастағы балаларды туған өлкесімен таныстыру құралы ретінде», Виолетта Дик «Балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға қоғамның әсері», Лаура Құсманова «Заманауи технологиялар 4-5 жастағы балалардың үйлесімді сөйлеуін дамыту құралы ретінде» тақырыптарында ғылыми мақалалар дайындады.Олардың ғылыми жетекшісі- мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының  оқытушысы Людмила Юрьевна Кострова. Конференцияға қатысушы барлық педагогтер мен студенттерге сертификаттар берілді, ғылыми мақалалар «Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті» ББ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағына енгізіледі.

 

 Т.А.Чуркина,

директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео