Доцент,шет тілі ретіндегі орыс тілі және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Евгений Юрьевия Видановтың, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Людмила Валерьевна Бевзюктің, филология және шет тілдері кафедралары педагогтерінің, колледж әкімшілігі мүшелерінің қатысуымен академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Евгений Юрьевич қатысушыларды университет қызметімен қысқаша таныстырып, өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері - педагогтер мен білім алушылардың бірлескен жобаларға, біліктілікті арттыру курстарына, студенттік тағылымдамаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, форумдарға және т. б. қатысуы - туралы айтып өтті. Людмила Валерьевна қатысып отырған әріптестерін академиялық ұтқырлық жобасымен таныстырды, педагогтердің магистратура бағдарламалары бойынша оқуға түсу және оқу мүмкіндіктері, біліктілікті арттырудың тілдік курстарынан өту, қызмет бағыттары бойынша педагогтер үшін тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауап берді. Педагогтермен кездесу соңында қонақтарды колледж мұражайына экскурсияға, сәндік-қолданбалы шеберлік, мектепке дейінгі тәрбие блоктарына, кітапханаларға шақырып, жаңа модификация кабинеттерінің мүмкіндіктерін көрсетті.
Т.А.Чуркина,
директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары