Апаталықта барлық жоспарланған іс-шаралар уақытылы, жоғары деңгейде өткізілді. В.А. Шалабаевтың шығармашылығына арналған мәнерлеп оқу байқауына сайыстың әділ бағасын беріп, студенттердің дарынын шынайы, әділ бағалауға ат салысқан В.А.Шалабаевтың балалары мен Қостанай жоғары педагогикалық колледжі қамқоршылық кеңесінің төрайымы Кәрімова Сәуле Елеусізқызы қатысты. 28 қарашада Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде филология кафедрасының апталығы аясында педагог-зерттеуші Ткаченко Т.Е. жас және жаңадан қабылданған оқытушылар үшін «Білім беру мазмұнын жаңарту логикасында тілдерді оқыту сапасын арттыру құралы ретінде инновациялық педагогикалық технологиялар» семинар-практикумын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты - оқыту мен тәрбиелеуде SMART-мақсаттарды қою бойынша колледж педагогтерінің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін, осы мақсаттарды, күтілетін нәтиже мен индикаторларды күтілетін нәтижеге сәйкестендіру қабілетін арттыру. 30 қараша күні 1 курс білімалушылаының қатысумен А.М. Кудиярбековның жетекшілігімен ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті ақындарының шығармашылығына арналған «Бәрі махаббаттан басталады» әдеби кешінің де жақсы өткенін атап өтуге болады. Үшінші мәселе педагог - жазушы Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына арналған «Педагог кәсібилігі – сапалы білім мен тәрбиенің кепілі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу қорытындылары туралы айтылды. Конференция қорытындысы дөңгелек үстел түрінде өтті. Жалпы конференцияға республика облыстарынан 145-тен астам жұмыс келді, сол жұмыстың ішінен 12 жұмыс дөңгелеки үстелде талқыланды. Қатысушыларға сертификаттер мен дипломдар табысталды. Отырыста қаралатын барлық мәселелері қаралып, шешімі шығарылды.
Кенжегарина А.А.
Филология кафедрасының меңгерушісі