Конкурстың мақсаты:
- қатысушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру;
- қатысушылардың кәсіби іс-әрекетке дайындық деңгейін шынайы өзін-өзі бағалауды қалыптастыру;
- хореографиялық топ жетекшісі мамандығының беделін арттыру.
Конкурстың мақсаттары:
- дарынды жастарды және кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ұйымдарды анықтау және көтермелеу;
- әлеуметтік серіктестердің назарын аудару;
- бастамашыл жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту;
- кәсіптік ортада тәжірибе алмасу және тарату үшін жағдай жасайды;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және кәсіби ойлауын дамыту және орындаған жұмысқа жауапкершілігін арттыру;
- еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру және студенттерді әртүрлі деңгейдегі бәсекеге қабілетті тестілеуге бейімдеу;
- кәсіби шеберлік құндылықтарын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсету. Байқауға жалпы басшылықты Ақмола облысының білім басқармасына қарасты «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанындағы оқу-әдістемелік бірлестігі жүзеге асырады. Байқауды әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етуді Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің» хореография кафедрасы жүзеге асырады. Байқауға «Халық көркем шығармашылығы» мамандығы, «Көркем өнерпаздар хореогафиялық ұжымының жетекшісі, оқытушы» біліктілігі бойынша Қазақстан Республикасының 11 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы қатысты. Байқауға қатысушыларды құттықтау сөзін «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» жанындағы «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бейіндегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі директорының орынбасары – Ақтаева Ақмарал Ермекқызы және Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің директоры Уразмбетова Ғалия Улмесханқызы. Бас сарапшы – хореография кафедрасының меңгерушісі Доспанова Салтанат Мұратқызының айтуынша, келген сайыскерлер лайықты, достық атмосфера, біліктілігіміз бойынша оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу жақсы.