Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 04 желтоқсан 2023 10:21

Әдістемелік кеңес

2023  жылғы 30 қарашада Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің әдістемелік кеңесінің  «Педагог біліктілігін арттыру білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде» тақырыбы бойынша кезекті отырысы өтті.  Қазақстан педагогтерінің І съезіне арналған «Әркімге қолжетімді сапалы  білім»  

Ұлттық баяндама жобасында педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы мәселесін шешуде кешенді тәсілді іске асыру арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ету және педагогикалық құрамның сапасын арттыру мақсатында, біліктілік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау рәсіміне педагогтердің қатысуы, өздігінен білім алу, педагогикалық командада өзара оқыту, педагогикалық тағылымдамадан өту, тәлімгерлік және педагогикалық қауым үшін т. б. міндеттер жария етілді. Оқу-әдістемелік кеңестің отырысына музыка және СҚШ кафедрасынан шақырылған оқытушылар Алия Кайратовна Бактыгалиева, Айдынгали Кадырович Бактыгалиев және Бибижамал Мукашевна Баякова  қатысты. Отырыста келесі мәселелер қаралды:

- «2023  жылғы 31 тамыздағы № 1 әдістемелік кеңестің ұсынымдарын іске асыру туралы» (Т. А. Чуркина);

- «Колледж  қызметінің тиімділігінің көрсеткіші ретінде педагогтердің біліктілігін арттыру және аттестаттау»(Т. А. Чуркина);

-  «Қатысқан оқу сабақтарының мониторингі негізінде оқыту әдістемесі саласындағы колледж педагогтерінің құзыреттілігін талдау «(Ж.А.Кусеубаева );

- «Дайджест  колледждің ақпараттық жұмысының бір түрі ретінде»(С.М.Морозенко);

- «2023-2024  оқу жылының қысқы сессиясын өткізу үшін білім алушыларды аралық аттестаттау материалдарын қарау және бекіту туралы» (Қ.З.Ахат),

- «Колледж  педагогтерінің ғылыми-әдістемелік және шығармашылық қызметінің мониторингіне өзгерістер енгізу туралы»(Ж.А.Кусеубаева).

Әдістемелік кеңес мүшелерінің сөйлеген сөздерінің қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар қабылданды: 1)  педагогтердің біліктілік деңгейін, олардың әдіснамалық мәдениетін, жеке кәсіби өсуін мақсатты, үздіксіз арттыруға жәрдемдесу; 2)  аттестаттау рәсімінен өту, магистратура бағдарламалары бойынша оқу, біліктілікті арттыру курстарынан өту арқылы педагогикалық ұжымның сапалық құрамын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру; 3)  заманауи педагогикалық технологияларды енгізу, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдана отырып, оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру; 4) колледж  мұражайына орналастыру үшін маңызды жаңалықтардың, оқиғалардың, фактілердің мазмұнын ұсыну бойынша педагогтердің жұмысын өзектендіру; 5) 2023-2024  оқу жылына арналған аралық аттестаттауды (қысқы сессияны) өткізу нысандарын бекіту; 6) колледж педагогтерінің ғылыми-әдістемелік, шығармашылық қызметі мониторингінің өлшемшарттарын бағалауға өзгерістер енгізу. Отырыстың екінші бөлігінде СҚШ кафедрасы педагогтерінің: Алия Кайратовна Бактыгалиеваның «Халық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)» мамандығының білім алушылары үшін  «Фортепианоға арналған қазақ әндерін аудару арқылы қазақ ән шығармашылығын өзектендіру» тақырыбы және Бибижамал Мукашевна Баякованың  «Сәндік-қолданбалы өнер эстетикалық тәрбие құралы ретінде» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша материалдар қаралды.  Сөз соңында әдістемелік кеңес мүшелері осы материалдарды облыстық оқу-әдістемелік кеңесте қарауды ұсынды.

 Т.А.Чуркина, 

директордың оқу-әдістемелік жұмыс

жөн.орынбасары

 

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео