Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 04 желтоқсан 2023 16:43

Студенттердің ғылыми қоғамының отырысы. «Зияткерлік ойын» тимбилдингі

2023 жылғы 28 қазанда зияткерлік тимбилдинг форматында «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының кезекті отырысы өткізілді.

Іс-шараға ғылыми-зерттеу жұмыстарына және шығармашылық жобаларға қатысқысы келетін 35-тен астам бірінші курс студенттері қатысты. Отырыста ғылыми зерттеулердің әртүрлі аспектілері талқыланды. Командада жұмыс істей отырып, білім алушылар зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдері мен алгоритмдерін игерді, пайымдау, қорытынды жасау, өзара әрекеттесу және топтық жұмыс дағдыларын дамытты. Отырыс барысында қатысушылар зерттеу саласындағы өздерінің ғылыми жетістіктерімен және СҒҚ отырыстарына қатысу перспективаларымен бөлісті. Колледж білім алушылары, «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамы кеңесінің мүшелері - Алан Құсайынов (Ир-21 тобының білім алушысы), Зайнура Болих және Жанар Багитгереева (У-41 тобының білім алушылары) зияткерлік тимбилдингтің спикерлері болды. Бірлескен іс-әрекетте және құрылған бірлескен ортада ойынға қатысушылар ұсынылған зерттеу тақырыптарының өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, гипотезасын анықтады, зерттеу жобасымен жұмыс жоспарын жасады, зерттеу әдістерін анықтады. «Студент-зерттеуші» мектебі аясында РТК-41 тобының білім алушысы Ажар Төрткара «Теңге - тәуелсіздік нышаны» монета сарайының құпиясы» зерттеу тақырыбымен сөз сөйледі (ғылыми жетекшісі – Н.В.Таманцева). Өз сөзінде қатысып отырған студенттерді «Теңге» ұлттық валютасының пайда болу тарихымен, авторлармен, мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында ұлттық валюта банкноттарын ресімдеуде қандай өзгерістер болғанын баяндады. Колледж білім алушыларының колледждің ғылыми студенттік қоғамының отырыстарына қатысуы білім алушыларға өздерінің ғылыми қызығушылықтарын дамытуға, басқа студенттермен білім мен тәжірибе алмасуға, зерттеу қызметінде және кәсіби дамуда табысқа жету үшін қолдау мен мотивация алуға мүмкіндік береді.

Т.А.Чуркина,

 директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео