Кітапхана квилтінің мәні - белгілі бір тақырып бойынша сынықтардан постер жасау. Желтоқсан айының басында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында кітапхана қызметкерлері «Адамдар оқуды тоқтатқанда, ойлауды тоқтатады» кітапхана квилті стендін дайындады.
Колледж студенттері мен оқытушыларына кітап түрінде стенд жасап, сұрақтарға жауап беру, стикерлерге өз сөздерін жазу, сіз үшін кітап не екендігі жайлы пікірімен бөлісу, сүйікті кітаптарыңыздың аттарын жазу және ақпараттық стендке түрлі-түсті парақшаларды (кітап түрінде) бекіту ұсынылды. Біздің оқырмандарда түрлі-түсті, қызықты ақпаратқа бай стенд шықты. Барлығына қызықты интеллектуалды саяхат тілейміз. Кітап оқу арқылы сіздің ішкі әлеміңіз бай болсын!
Кітапханашы Р. Урузбаева