Бұл сабақ «Балалар тобының музыкалық жетекшісі» біліктілігі бойынша оқитын Муз/ДПМ - 31 тобының студенті Махмутова Рамилямен өткізілді. Дәл осы мамандықтың түлектері үшін әуенді үйлестіру мен сүйемелдеуді таңдаудың рөлі өте маңызды. Тақырып бойынша жұмыста, түлектерде өздерінің жұмыс орындарында әуендерді таңдап, оларды аспапта үйлестіре алмау мәселесі туындап жүргендіктен, осы тақырып мұғалімді бірнеше жылдар бойы алаңдатып жүрген болатын.
Сабақ барысында Рамиля төрт түрлі әуенді таңдауда практикалық дағдылармен қатар бұл әуендерді Slbelius бағдарламасының нота жазу редакторында жазуды көрсетті. Осы әуендерді студенттің сүйемелдеуімен орындап, вокалдық топта орындау сабаққа қатысқан мұғалімдер мен әкімшілік мүшелеріне ұсынылды.