Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 20 желтоқсан 2023 18:02

Тимбилдинг – корпоративтік рух жеңісі

           2023 жылдың 19 желтоқсаныңда колледж жоспарына сай кезекті «Жас педагог мектебінің» отырысы өтті. Күн тәртібінде екі сұрақ қарастырылды. Бірінші сұрақ тимбилдинг «Біз бір командабыз! Тимбилдинг немесе команда құру».

         «Тимбилдинг» - бұл әлеуметтік-психологиялық тренинг, оның негізгі мақсаты – қызметкерлер ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады. Қарапайым тілде айтқанда, бұл бірге жұмыс істейтін адамдарға қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжымның жұмысы тиімділігін арттыруға көмектеседі. Бірыңғай мақсат және жеңіп шығу игілігіне командалық жұмыс идеясы спорттан алынды және жетістікпен тек бизнесте ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдарда және колледжіміздің жас педагогтері  арасында да орын тапты.
        Отырыстың алғашқы кезеңін практикалық тұрғыда шетел тілдері кафедрасының арнайы пәндер оқутышысы Мухамеджарова Тамаша Залеловна өткізді. Тимбилдингтің мақсаты: топты біріктіру және тиімді командалық өзара іс-қимылды құру.
      Тимбилдинг атақты «Plate Game» ойыны форматында, жас педагогтерден құралған екі топтың арсында жарыс түрінде  өтті. Жарыстың әділ өтуін қадалаған әдіскер, жас мамандар мектебінің жетекшісі Кусеубаева Жанар Абилкасовна.   Қатысушылар ойын барысында жеті кезеңнен тұратын әр- түрлі тапсырмаларды орындады. Жарыс тапсырмаларың орындау барысында қатысушылардың арасында достық  және командалық рух деңгейі жоғары байқалды. Әр ережеге сай орындалған тапсырмаларға   Тамаша Залеловна дайындаған тәтті әрі педагогтерге қажетті сыйлықтыр берілді.
       Жас педагогтер мектебінің кезекті отырысы сиқырлы, таң ғажайып жаңа жыл мерекесі қарсаныңда ұйымдастырылғандықтан, отырыстың екінші бөлімі жаңа жылдық лотеряя форматында өтті. Әр педагог жас мамандар отырысынан сыйлықсыз кеткен емес. Отырыс соныңда директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары. Чуркина Т.А. барлық мұғалімдерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өз жылы лебізің білдірді.

Музыка және сәндік - қолтаңбалы

сәндік  шеберлік кафедрасының
арнайы пәндер оқытушысы
Ж. Тулепбаева

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео