Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 22 желтоқсан 2023 09:13

«Музыкалық эрудит»

Геймификация технологияларының, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың элементтерін белсенді пайдалану,

достық атмосфера және қазылар алқасының бағалауы іс – шараға  қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және «Музыкалық эрудит» атты бірінші курс студенттеріне арналған  қызықты іс-шара жасауға мүмкіндік берді. Бұл музыкалық ойынды өткізу дәстүрге айналды және жыл сайын музыка және сәндік-қолданбалы шеберлік кафедрасының апталығы аясында өткізіледі. «Музыкалық эрудит» төрт кезеңнен тұрды: жаттығу, әнді болжау, капитандар байқауы, әуенді болжау. Әр кезең қандай да бір музыкалық тапсырманы қамтыды, әр түрлі кезеңдегі әуендер мен әндер, қарапайым музыкалық сауаттылық сұрақтары орындалды. Іс-шараның мақсаты музыканы өзектендіру, мәдениет деңгейін арттыру, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің біртұтас тәрбие бағдарламасында 3 маңызды аспект - ұлттық мүде, ар-ождан және ұмтылыс айқындалды. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар «ұмтылыс» критерийлерінің құрамдас бөліктерін: шығармашылық ойлауға ұмтылу, командада дами білу, оқуға, білуге және жаңаға қол жеткізуге ұмтылу пайдаланылды. Барлық білім алушылар мен қонақтар белсенді және жағымды қарым-қатынас таныта отырып, қызығушылықпен қатысты, ал залда таныс әндердің әуендерінің музыкалық сүйемелдеуінде достық атмосфера қалыптасты. Ойынның нәтижесі бойынша белсенді қатысқаны үшін В-11а және У-11б топтарының оқушылары марапатталды. 3-орынды мәдениет бөлімінің студенттері, 2-орынды Ик-11 тобының студенттері иеленді. «Музыкалық эрудит» ойынының жеңімпаздары, Ак-11 тобының білімалушылары музыкалық білімдері үздік нәтиже көрсетті. "Музыка - қуатты ой көзі. Музыкалық тәрбиесіз толыққанды ақыл-ой дамуы мүмкін емес "- деген ұлы ұстаз В.А.Сухомлинский. Мұндай іс-шаралар дәстүрлі, өте маңызды, барлық сүйікті болады және қатысушылардың жүрегін жылы сезіммен толықтырады деп үміттенемін.

Музыка және сәндік – қолтаңбалы шеберлік
кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы
Сагумбаева А.С.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео