Оның мақсаты, біріншіден, бейнелеу өнерін басқа мамандықтардағы студенттер арасында кеңінен насихаттау болса, екіншіден, студенттердің графика саласындағы жеке мүмкіндіктерін кең аудиторияға көрсету болатын.
Эскиз секілді бастапқы набой тілі бір қарағанда көрінетіндей жұтаң емес мың сырлы. Бұл сурет салуда жетістікке жетуді армандайтын әрбір адамның ішкі ұстазы. Өйткені, адам қолын қысқа мерзімді эскиздерде қаншалықты көп жаттықтырса, соғұрлым ол табиғи тыныштықтың тереңірек түріне қол жеткізеді.
Қостанай қаласының көрнекті шеберлері, Казахстан мемлекетінің суретшілер одағының мүшелері Соков Георгий Михайлович пен Быков Вадим Вячеславовичтің шығармашылық көрмелерін тамашалау барысында студенттер суретші үшін бастапқы нобой эскиз салудың мақсатын терең түсінді. Кейде суретшінің образ сипатын, оның көңіл-күйін, тіпті адамның ішкі тыныштығын жеткізу үшін аздаған штрихтар жеткілікті.
«Кенептегі өмір» портреттік шеберхана шығармашылық іс-шарасына қатысқан оқушылар:
Гаус А., Лось К., Данилов Д., Газимжанова Т., Галямова Д., Утепова Д, Шапаева Д., Жусупова Ж., Хакимова Н.
Арнайы пәндер оқытушысы: Ковбица А.Н.