КМ 07 Оқу ақпаратын трансляциялау, өз бетінше білім алуға үйрету модулі бойынша Т-41 тобында жүргізілген ашық сабақта мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасының педагогы Нурпеисова Маншук Женисовна сабақтың алғашқы минуттарынан бастап білім алушыларды бірлесіп ұжыммен жұмыс жасай білуге,қызығушылығын тудыруға ұмтылды, ол педагогтың педагогикалық қызметтегі жетістігі. Бұл модульді таңдау білім алушылардың қабілеттерін дамыту мақсатында шығармашылық қызметте іздену міндеттердің шешілуіне байланысты. Маншук Женисовнаның сабағы инновациялық, қызықты, танымдық педагог өз жұмысында ақпараттық - коммуникациялық, денсаулық сақтау және тұлғаға бағытталған технологиялардың элементтерін белсенді қолданатынын көрсетті. Сабақ барысында М. Ж. Нурпеисова мультимедиялық презентацияны және QR-кодтары бар текше-рубикті пайдаланды, онда әрбір топтар үшін жеке тапсырмалар берілген, бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді. Сабақтың кезеңдері нақты жоспарланған және сақталған, іскерлік ынтымақтастықпен шығармашылық атмосферасын құра білді. Практикалық бөлім барысында студенттер дәстүрден тыс тәсілмен сурет салды, шығармашылықтың таңғажайып әлеміне еніп, суретте өз сезімдерін, ойларын, тәжірибелерін, эмоциялары мен көңіл-күйлерін білдіре алды. Маншук Женисовнаның сабағы жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
Абжанова А.К. Саулина Л.В., Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушылары