Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 25 желтоқсан 2023 12:28

Ырғақтың адам өміріндегі маңызы

Қазіргі заманғы зерттеулер қасық ойнауды мидың екі жарты шарының дамуын белсендіретінін көрсетеді.

Оң және сол жарты шарлар арасындағы өзара әрекеттесу күшейеді. Музыка мен қасықта ойнау тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі және екі жарты шардың үйлесімді дамуына ықпал етеді. Қасықпен ойнау мазасыздықты, тежелуді немесе гиперактивтілікті емдейді. Көшбасшылық қасиеттер, музыкалық және сахналық мәдениет қалыптасады, өзін-өзі бағалау, өзіндік маңыздылық сезімі артады. 2023 жылғы 22 желтоқсанда музыка және сәндік - қолданбалы шеберлік кафедрасының оқытушылары А.К. Бақтыгалиева мен А.С. Сагумбаева қасықпен ойнау бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік - сыныптың мақсаты музыка сабақтарында қолданылатын ырғақты естуді дамытудың дәстүрлі технологияларын насихаттау болды. Қасықтар - бұл славян мәдениетінде пайда болған және қазіргі кезде белсенді қолданылатын музыкалық аспап. Шеберлік - сыныпта қатысушыларымен ырғақ ойындары өткізілді: қол шапалақтау, тізе шапалақтау, саусақпен басу. "Дыбыстық қимылдар" термині неміс ағартушысы, музыканы оқыту тәсілінің негізін қалаушы Гунильда Кетманға тиесілі. Колледж педагогтары осы іс - шараға белсенді қатысты, олардың әрқайсысында музыкант-қасықшы рөлінде болу мүмкіндігі болды. Олар ағаш қасықпен ойнау ережелерін және импровизация элементтерін үйренді. Оқытушылар сонымен қатар шеберлік - сынып арт - терапия және релаксация ретінде қызмет еткенін атап өтті. Кафедрада 2019 жылдан бастап педагог А.С. Сагумбаеваның жетекшілігімен қасықшылар ансамблі жұмыс істейді. Шеберлік - сынып соңында "Звонкие ложки" ансамблінің орындауындағы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара мейірімді атмосферада өтті, оқытушылардан колледж педагогтары арасында қасық ансамблін құру туралы ұсыныс түсті.

 Музыка және сәндік - қолданбалы шеберлік кафедрасының

оқытушысы Сагумбаева А.С.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео