Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сәрсенбі, 27 желтоқсан 2023 16:41

Музыка және сәндік-қолданбалы шеберлік кафедрасының отырысы.

2023 жылғы 25 желтоқсанда музыка және  сәндік-қолданбалы шеберлік кафедрасының кезекті отырысы өтті.

Отырыста жоспар бойынша бес мәселе қаралды. Бірінші сұрақ кафедра оқытушысы А.К. Бактыгалиеваның "Фортепиано аспабына  өңделген қазақ халық әндері. Авторлық тәсіл " атты баяндамасынан басталды. Бұл бағытта жұмыс істеу үшін өткен жылы кафедра педагогтарынан құрылған шығармашылық топ құрылды. Жұмыстың нәтижесі фортепианоға арналған қазақ әндерін өңдеу жинағы болды. Бұл жинақ 2023 жылғы қарашада әдістемелік кеңесте қарастырылды, қорытынды ретінде  материалдарды облыстық әдістемелік кеңеске ұсыну ұсынылды.

Отырыстың келесі мәселесі кафедра апталығының қорытындысың толықтай талдау болды. Кафедра меңгерушісі Рыспаев Жалгас Алмасович педагогтарға ұжымның жұмыла жұмыс істегені үшін алғыс айтты.  Педагогтарға келесі  кафедра апталығын өткізу бойынша ұсыныстар берілді.

Отырыс барысында кафедра педагогтарының колледж сабақтары мен іс-шараларын өзара араласуына, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізуге қатысты мәселелер қаралды. Кафедра педагогтарының алдағы екінші жартыжылдықтағы байқауларға қатысуы туралы мәселе қаралды. Сайыстарға қатысатың педагогтардың әрқайсысы өз дайындықтары туралы қысқаша айтып берді.

Музыка және сәндік-қолданбалы шеберлік
кафедрасының арнай пәндер
оқытушысы Тулепбаева Ж.С.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео