Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 28 желтоқсан 2023 11:04

Жылы жүрек-жомарт іс

  Мейірімділік – адамның жан дүниесінің күйі, ол көрінбейді, бірақ сезіледі. Кейде қарапайым нәрселердің артында мейірімділік жасырылады: жылы сөз, жұмсақ көзқарас. Бірақ бұл кішкентай нәрседен әркімнің жүрегі жылып, өзін жақсы сезінеді. Жақсылықты әркім өзінше түсінеді. Біреулер іс-әрекетпен өлшесе, енді біреулер сөзбен өлшейді.

  Бүгін, 2023 жылдың желтоқсан айының 25 күні біз, АҚ-21 тобының студенттері «Қостанай қаласындағы өмірлік жағдайлары қиын балаларға қолдау көрсету орталығына» барып, кішкентай бүлдіршіндерге келе жатқан жаңа жыл мерекесінің атмосферасын сезіндіріп, өз мейірімімізді көрсету шін барып қайттық . Мейірімділік сөзінің мағынасы жақсы және пайдалы істерде, басқаларға қолдау көрсетіп, өз көмек қолымызды созуда деп түсініп біз осындай жоспар қойған болатынбыз. Жоспарлап жүргенімізге біраз уақыт болғанымен, нақты уақыты бүгінгі күнге түсті. Адам бойындағы мейірімділік - ең алдымен оны нұрландыратын адамға пайдалы әрі ерекше күй деп, біз барынша балалардың көңілдерін аулауға, достасып, өзімізге жақын тартуға тырыстық. Кішкентай балалар біздің көңілімізге орай бізге тез үйренісіп, қолымыздан ұстап, құшақтап жібергілері келмегені байқалды. Бұл жағдайға біз бір шетінен қуансақ, бір шетінен жүрегіміз ауырды.Бүгінгі күніміз өте жақсы өтті, балалармен ойнап, өзіміз де, балақайлар да қатты қуанып қалды,әлбетте көңіліміз көтерілді. Мейірімділік іс-әрекетте көрінетің көрініс. Мейірімді адамда бұл қасиет өмірдің барлық саласында көрінеді. Адамның шынайы мейірімділігі оның айналасындағы әлемге деген сүйіспеншілік сияқты нәрселермен бағаланады деп білемін өз басым.

  Бұл орталыққа топтың барлық студенттері бармады. Оның себебі, бәлкім, жүректің батылдығынды бәлкім басқада... Себебі, осындай орталықтарға барып, өз жүрек жылулығын басқа балапандарға шашу көптің қолынан келетін іс емес деп білемін. Сондықтан да, бізді осындай жақсы іске жетелеген, көмектесіп, қолдаған біздің кураторымызға алғысымыз шексіз. Бүгінгі қадамымыз осы жылда жасаған ең жақсы, ең сауапты істердің қатарына енді деп сенімді түрде айта аламын. Топ жетекшісіне үлкен-үлкен алғыс айтамыз! Шынайы жүрегі бар адамдар әрқашан басқаларға уақыт бөле алады. Олар әңгімелесушіні тыңдай алады, кеңес бере алады. Мұндай адамдар үшін отбасының, достарының және тіпті бейтаныс адамдардың проблемалары интеллектуалды және эмоционалды деңгейде өте маңызды. Менің ойымша, әрбір адамның жүрегінің түбінде кішкентай болсын мейірім шуағы бар. Тек кейбіреулері оны көрсетпейді, ал кейбіреулері мейлінше айналасына сол шуақты шашуға тырысады. Мейірімділік пен жүректің жылулығы бұл өте жағымды әсер мен көрініс. Әрқашан есімізде болуы керек, біз басқаға не істесек, алдымызға сол келеді. Сондықтан, жақсылық жасаңыздар! Әлемді жақсы жаққа өзгерту кішкентай қадамдардан басталады. Кішкене болса да өзіңізді өзгертіңіз, сонда әлем өзгереді. Есіңізде болсынғ жылы жүрек бұл жомарт іс. Екінің бірінің қолынвн келе бермейді. Мейірімділікті көрсетудің ең жақсы жолы - әрекет. Әр адамның бойында жақсылықтың бір бөлігі болады. Тек оны сезіне білу керек.

 

Салкен Алина Мауленқызы

АҚ-21 тобының студенті

Жетекшісі: Таскенова А.Б.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео