Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 22 қаңтардың 2024 15:55

Даналығы -өшпес жарық,кетпес байлық

Хороший след - начало тропы,

 Кому-то по весне ходить!

Я жду, хочу одной судьбы –

 Оставить след-не наследить!

В. Шалабаев

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің Ик-21 тобының білім алушыларында  22 қаңтар күні Василий Амельянович Шалабаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған, «Мен бір тағдырды -із қалдырғым келеді -мұра етпеңіз!» атты кураторлық сағаты өтті.

Василий Амельянович Шалабаев 1934 жылы 22 қаңтарда Түмен облысы Ялуторов ауданының Криволукское ауылында көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген. Педагог, жазушы, ақын және аудармашы. Орта білімді соғыс жылдары және соғыстан кейінгі уақытта алды.

1955 жылы К. Д. Ушинский атындағы Петропавл пединститутына тарих-филология факультетіне оқуға түсіп, 1959 жылы орыс тілі, әдебиеті және тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды. Омбы облысының Түмен жетілік мектебінде орыс тілі, әдебиет және тарих пәнінен сабақ береді.

Педагогикалық өтілі 32 жыл. Соңғы 17 жыл Докучаев орта мектебіне берілді. 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, «Жоғары санатты мұғалім» атағы берілді.

В.Шалабаев мәртебелі педагог қана емес, шығармашыл тұлға ретінде де көпшілікке танымал. Оның жазған өлеңдері «Өмір-өзен» деген атаумен жарық көрді. Әңгімелері «Қостанай таңы» газетінде жарияланды. Ал, көз көргендер оның жақсы шахматшы және осы бір зияткерлік ойынның қыр-сырына қанық болғанын да біледі. Шахмат ойынына ол өзінің бүкіл отбасы мүшелерін баулыды. Шахматқа деген сүйіспеншілігі жоғары болғаны сонша, Литвада өткен шахмат фестиваліне қатысады. Атақты Борис Спасскийдің өзімен шахмат ойнау бақытына ие болады. Ұлағатты ұстаздың осы бір айшықты қыры елеусіз қалған жоқ. Қостанай өңірінде Шалабаевтың құрметіне шахмат турнирін өткізетін білім ордалары да баршылық.

Қоғамда белсенді болу да педагог мәртебесін өсіре түсетіні хақ. Докучаев орта мектебінде қызмет ете жүріп, Масғұт Әлімжанұлы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Обаған аудандық ұйымының төрағасы міндетін атқарды. Осы орайда педагог-жазушы С.Көбеевтің: «Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуы керек», – деген сөзі ойға оралады. Қазақ КСР-нің дербес мемлекет ретінде танылуына бірер жыл ғана қалғанын болжағандай, өңірдегі жер атауларының ардақты тұлғалар есімімен аталып, жаңғыруына барынша атсалысады.

Ыбырай салған сара жолға түсіп, жақсы мұғалім болуды мұрат тұтқан кейіпкеріміз дегеніне жетті. Ұлы ағартушы-педагогтің лайықты ізбасары атанды. Мамандығына адалдық танытып, кәсіпқойлықтың, еңбекқорлықтың үздік үлгісін көрсеткен, шығармашық қабілеті сан қырлы сирек тұлға 68 жасында дүниеден өтті. Бүгін 22 қаңтар Василий Амельянович Шалабаевтың туғанына 90 жыл толды .

Ик-21 тобының білімалушысы: Калдыбаева Ұлпан

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео