Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді біз барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады. Олар әр адамның өміріне енген заңдылық десе болады.
"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына"демекші біз де бүгін ,яғни 25 қаңтар 2024 ж. күні Т-41 тобымен Л.Н. Толстой атындағы өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашылары жүргізген іс- шараға қатыстық. Бұл іс –шара «Зейінді зертеуші» сатирик, этнограф Сейіт Кенжеахметовтың 85 жылдығына орай өтті. Сейіт атамыз өзіміздің жерлесіміз ,Торғай өңірінің тумасы екен. Сейіт атамызбен бірге қатар өсіп, бірге жүріп, әріптес болған, ақын, жазушы,зерттеуші, ғалым Серікбай Оспанұлы іс-шараға келіп, өзінің досы туралы біраз әңгіме шертті. Атамыздың бүкіл өмірін халыққа арнап, көптеген салт- дәстүр мен әдет-ғұрыпты зерттеп көптеген кітаптарын жазып мұра қылып қалдырған екен. Сейіт Кенжеахметовтың көптеген кітаптарын өзінің туған қызы орыс және шетел тілдеріне аударған екен.Көрмеге қойылған «Жеті қазына -1», «Жеті қазына -2» бөлімнен тұрады екен, сонымен бірге «Біз салт дәстүрді білеміз бе?» т.б. көптеген қазақтың ұлтының рәсімдеріне жазылған еңбектері бар екен. Серікбай Оспанұлының айтуы бойынша оның көптеген еңбектері торғай туған ауылындағы мұражайда сақталғанын айтты. Осы іс шарада кітапханашылар : Елибаева А. мен Дүйсембаева Б. Сейіт Кенжеахметовтың еңбектерінен викториналық сұрақтар қойылып, ойындар жүргізді.дұрыс жауап берген студенттерге сыйлықтар берілді. Сонымен бірге Л.Н. Толстой атындағы өлкетану әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі Нұрмағанбетова Алматай Тойманқызы қатысып, студенттерге кітап оқудың пайдасы туралы кеңес беріп, өзінің кітапханасына кітап оқуға шақырды. Бүгінгі «Зейінді зертеуші» сатирик, этнограф Сейіт Кенжеахметовтың 85 жылдығына орай өткен іс –шара студенттерге ұнады және Серікбай Оспанұлыда студенттерге біраз ақыл кеңес беріп, кітап оқуға шақырды.Кітапхана қызметкерлері студенттеріміздің кітап оқуға деген құштарлықтарын оятып, жақсы көңіл сыйлады.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің,
арнайы пәндер оқытушысы : Рахпанова Б.Г.