Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 29 қаңтардың 2024 17:30

Менің мамандығым.Менің өндірістегі тәжірбием.

Әлемде көптеген түрлі мамандықтар бар, олардың әрқайсысы өте қажет және жауапты. Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.Өзіндік таңдаған мамандығының  маңыздылығын, өндірістік тәжірбиеде алған іскерлік біліктілігімен таныстыру мақсатында Рудный политехникалық колледжінде облыстық- практикалық (халықаралық қатысумен)конференция ұйымдастырылып өткізілді.Бұл өткізілген конференцияның басты мақсаты білім алушылардың өндірістік тәжірбие бойынша ой толғап,тәжірбие алмасу.Конференция тоғыз бағытты қамтыды.Әр бір бағыт бойынша әділ – қазылар алқасы әділ бағалап , өзіндік бағалары мен ұсыныстарын айтып кетті.Конференцияға үздік деген материалдар іріктеліп . Білім алушыларға , яғни болашақ мамандарға тәжірбие алмасып, басқа да маман иелерінің өндірістік тәжірбие бойынша тәжірбие алмасу болды.Бұл конференцияға Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие мамандығының»  3 курс студенті Сулейменова Мариям , ғылыми жетекшісі Жолдыбаева Д.С. қатысып жүлделі ІІІ-дәрежелі диплом мен қатысу сертификатын иеленді. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан Сен де – бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан!...деп Абай атамыз айтқандай әр бір маман иесінің басты мақсаты,өз елінің қалаулы азаматы мен білікті маман иесі атану.Сондықтан білік пен тәжірбие білім алушылардың әр түрлі іс-шараларға қатысып,білімі мен шығармашылығын шымдау барысында ғана пайда болады.Ойымды жоғарыда алынған төрт шумақ Абайдың өлеңін жалғастырумен аяқтағым кеп тұр ... Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға. Қазіргі қоғамда педагог абыройын арттыру,еңбектенуге қолайлы ортаны ұйымдастыру маңыздыболып келеді.. 

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео