Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 30 қаңтардың 2024 17:05

Кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңызы Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып,

кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Кәсіптік бағдар беру ісін анда – санда бірнеше шаралармен немесе оқушылардың мектепті бітіріп шығу кезіндегі түсінік жұмысымен ғана шектеуге болмайды. Сол себепті біздің оқу орнында кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылып, әр ай сайын жоспарлы түрде мектептерді аралап кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіледі. Қаңтар айының 30 жұлдызында    «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мәриям Хакімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебі» 9 «А», 9«Ә», 9«Б» сынып оқушыларымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары педагогикалық колледжіні » КМҚК «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің оқытушылары Рахпанова Б.Г. және Нұрпейсова М.Ж.кәсіптік бағдар жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі мақсаттары мынадай: болашақ талапкерлер ішінен колледжге қабылдау барысында сапалы таңдау жасау; колледждегі мамандықтарды насихаттау, бітіруші түлектерді дәріптеу, жарнамалау, танымал ету; мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдар жүргіздің жүйесін құру. Қорыта айтқанда, мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ал, сол кірпішті дұрыс қалауда кәсіби бағдар жұмысының атқарар рөлі зор. Кәсіптік білім берудің мақсаты мен маңыздылығында қазіргі заманауи кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мен білікті мамандарды даярлау қажеттілігі қарастырылған. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелі, мақсатты орындай білген кезде мол жетістікке жетеріміз анық.

Мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы:

Жолдыбаева Д.С.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео