Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі». Балабақша жасындағы бүлдіршіндердің санасында қоршаған орта, табиғи құбылыстар туралы ұғым қалыптастырғанымыз жөн. Сонымен бірге адамзат өзінің іс-әрекеттері арқылы табиғатқа кері әсер етіп жатқанын да бала білуі қажет. Балабақшадағы экологиялық білім беру тәжірибелік бақылаулармен ұштастыра жүргізілсе нәтижелі болмақ. Халық даналығынан туған «Орман – жер сәулеті, ел дәулеті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Күте білсең, жер жомарт», т. б. аталы сөздер бала құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балабақшаның негізгі міндеті – дені сау, қазіргі заман ағымына сай сауатты да инабатты ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әрі еңбекке баулу. Балаға табиғаттағы әрбір өсімдікті, жануарлармен таныстыру, көрсету арқылы ғана экологиялық тәрбие бере аламыз. Қорыта келе айтарым, балабақшадан бастап қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиеленген бала келешекте табиғат қамқоршысы болатыны сөзсіз. Сондықтан экологиялық тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардан бастау алу қажет.Сондықтан болашақ мамандарды экологиялық тәрбие түрлерімен таныстыру мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығының 3 курс студенттері оқытушымен бірлесіп қоршаған ортаға қамқорлық көрсету мақсатында құстарға жемшашар орнатып, қоректендіндірді .Бұл науқан «Эко волонтерлер» табиғатпен таныстыру сабағында өз жалғасын таппақ.
«Мектепке дейінгі тәрбие » кафедрасының
арнайы пәндер оқытушысы Молдабаева А.У