Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 09 ақпанның 2024 14:57

Адамды тәрбиелеу-оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.

Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға, мектеп ашуға сарп еткен Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүнеге келген.

Азан шақырып қойған аты – Ибрагим. Бала Ыбырай үш жасқа толғанда әкесі Алтынсарыдан айырылады. Осыдан кейін туған атасы, сол кездегі белгілі би, рубасы Балқожа Жаңбыршыұлының қолында тәрбиеленеді. Немересінің білім алғанын қалаған атасы тамыр-танысының көмегімен Ыбырайды Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылған мектепке жаздырады. 1850 жылы 22 тамызда Ыбырай сол мектепке алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады.Балғожа би немересін кішкентайынан адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға ертіп,  билік айтқызып, қанатын қатайтқан. Ыбырай жасынан зерек болып, алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленіп өседі. Мемориалдық мұражай кешені Қостанай қаласының тарихи-архитектуралық бөлігінде, Ордабай шатқалында 1884 жылы жазушы негізін қалаған дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасқан. Осы тарихи кешеніне  мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің Т-11 тобының  білім алушылары ақпан айының, тоғызыншы жұлдызында  Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайына барды. Мұражай экскурсоводы Досмағамбетова Шынар Сұлтанқызы жетекшілігімен білім алушылар ұлы ағартушының өміріне арналған саяхатқа аттанды.Білім алушылар Ыбырай атамыздың Қазақстандағы білімге деген орасан еңбегі туралы біліп қана қоймай, тарихи экспонаттармен танысты. Білім алушылар  ерекше салтанатты жағдайда болды,тек теледидарда, компьютерде отырғанда немесе кітап оқып қана қоймай, экспонаттарды, картиналарды қарап, мұражай қызметкерлерімен сөйлесу арқылы көптеген қызықты нәрселерді білуге, көруге болатындығын түсінді. 

Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасаның оқытушысы Абжанова А.К

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео