мектепке дейінгі бөлімшесінің әрбір студенті кең сұранысқа ие мамандықты иемденіп қана қоймай, бәсекеге қабілетті болуға ұмтылады, өйткені заман талабы өз заңдылықтарын талап етеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ мамандарын дайындаудың құрамдас бөліктерінің бірі олардың әртүрлі байқауларға қатысуы болып табылады. Солардың бірі WorldSkills кәсіби шеберлік байқауы. 2024 жылдың 13 ақпанында «Мектепке дейінгі білім беру» құзыреттілігі бойынша WorldSkills кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды. Оған В-31 топ студенттері Зражевская А., Б-22 Серік А., Кравченко О., Клейн А., Т-31 Жапарова А. және Матжанова М. Алдын ала әр топта байқауға қатысушыны іріктеу және анықтау ұйымдастырылған болды, ең үздік дегендер іріктеліп байқауға қатысты. Әрбір қатысушы электронды дидактикалық ойындарда кәсіби білімі мен коммуникативтік дағдыларын көрсетті. Ойын барысында әрбір қатысушы өзінің білімі мен дағдыларын ғана емес, эмоционалдылығын, еріктілермен қарым-қатынасын, тосын жағдайлардан шығудың жолын таба білу қабілетін көрсетуге тырысты. Қатысушылар қимыл ойындар арқылы өздерінің біліктілікпен дағдыларын көрсетуді жалғастырды. Білім алушылар құрал-жабдықтарды дайындауда, ойын ережелерін түсіндіруде және оны өткізуде өз кәсіби деңгейін көрсете білді. Сайысқа қатысушылардың ойынға сіңісіп, алғыр болғаны сонша, олар мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің педагогтарынан құралған қазылар алқасының өкілдеріне аса мән бермеді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды – WorldSkills аумақтық чемпионатында колледжіміздің атынан қатысатын В-22 Серік А. және Т-31 Жапарова А. Оларға сәттілік пен жүлде орындар тілейік!
Арнайы пәндер оқытушысы Молдабаева А.У.