Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 16 ақпанның 2024 15:04

«Цифрлық сауаттылық әлемі»

Цифрлық сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздік. Математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының апталығы аясында 2024 жылғы 16 ақпанда Ик-21 тобында топ жетекшісі Елеусизова Д.А.

«Цифрлық сауаттылық әлемі» тақырыбында ашық куртырлық сағаты өткізді.

Мақсаты: Білім алушылардың қазіргі ақпараттық - телекоммуникациялық ортада жауапкершілікті және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Заманауи білім берудің негізгі бағыттарының бірі цифрлық сауаттылық - aқпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі. Цифрлық сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. 

Адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыpу заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі таңда  бұл технологиялaр жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.

Сабақтың барлық кезеңдер сақталып, логикалық тұрғыдан өзара байланысты. Білім алушыларды белсенділігін артыру үшін белсенді әдістер мен формалар қолданылды, атап айтқанда: сұрақ- жауап, проблемалық, интерактивті әдіс қолданды. Бірақ онлайн-платформалар дәстүрлі әдіс-тәсілдерге қарағанда көрнекі, қызығушылықты оятатын, білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде таптырмас көмекші құрал болатын ресурстар. Learningapps.org, Geacron.com, canva.com. , padlet.com онлайн  платформамалары сабақ барысында қолданылды.

Топ жетекші әр уақытта сұрақтар, практикалық мәселелерді шешу және форманы жетілдіру есебінен білім алушылардың ойлау қызметін жандандыра алды. Сабағымыздың негізгі сұрақтары Цифрлық сауттылық дегеніміз?,  желідегі жұмысты қалай қауіпсіз етуге болады? Қойылған сұрақтарға жауап бері үшін білім алушыларға проблемалық жағдаяттар, практикалық тапсырмалар онлайн-платформалар  арқылы жүзеге асырды. Сонымен қоса берілген ақпартаттарды білім алушалар өз бетінше іздеу әдісі және қойылған сұрақтар түрлерінің сипаттамаларын жинақтау арқылы түсіп таңдалады.

Сабақтың мақсаты ақпараттық сауаттылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Сабақ бір тұтас тәрбие бағдарламасымен байланыс байқалды. 

Есіңізде болсын, интернет керемет және пайдалы болуы мүмкін

Оқу, демалу немесе достарыңызбен сөйлесу құралы.

Бірақ-қалай және нақты әлем-желі де қауіпті болуы мүмкін!

МжАТ кафедра оқытушысы Елеусизова Д.А.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео