Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 23 ақпанның 2024 15:01

Мен -ұстазбын, білім нәрін себетін...

21 ақпанда Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде педагог, ақын, аудармашы, саясаткер, азамат Василий Амельянович Шалабаевтың 90 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Ол «Ұстаз - ұлы есім.  Ұстаз ұлағаты» тақырыбымен «Көрнекті тұлғалар туралы әңгімелер»  акциясы аясында өткізілді, іс-шараны филология  кафедрасының оқытушылары мен кітапхана қызметкерлері дайындады.  Айтулы басқосуға  қонақтар ретінде Василий Амельяновичтің шәкірттері мен әріптестері шақырылды: халық ағарту үздігі, педагогика ғылымдары академиясының құрметті мүшесі, педагогикалық еңбек ардагері Светлана Григорьевна Мачнева; еңбек ардагері, педагогика ғылымдарының магистрі, 20 жылдан астам Алтынсарин ауданының Докучаев орта мектебін басқарған,  «Қостанай облысының үздік орта білім беретін  ұйымы-2012» байқауының жеңімпазы, облыстағы бірден-бір «Шалабаев шахмет мектебінің» авторы Сүлеймен Ысқақұлы Мұрзатаев; Василий Амельяновичтің шәкірті, Қостанай облысының асық атудан аға жаттықтырушысы Каршал Төлегенұлы Какашев, Василий Амельяновичтің шәкірті және әріптесі Виталий Иванович Александров;  Василий Амельяновичтің шәкірті және әріптесі Клара Жантуровна Сәдуақасова қатысты .

 Іс-шараның мақсаты-колледжде ұстаз, азамат және ақын В. А. Шалабаевты еске алудың мерейтойлық күндерін өткізу дәстүрін сақтау, студенттерді В.А. Шалабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, болашақ педагогтер бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіру.

 Ауызша журнал жеті беттен тұрды: өмірбаяндық, педагогикалық, өлкетану, поэтикалық, спорттық, зерттеу және тағылымдық.  Журналдың әр беті Василий Амельяновичтің сан қырлы тұлғасын ашты.

 Өмірбаяндық бетте туғаннан жерленген жеріне дейінгі, ататегі, ата-анасы, білім алуы туралы негізгі өмірбаяндық деректер, сондай-ақ педагогикалық қызметінің басталуы  қамтылды.

 Педагогикалық бет бізге Василий Амельяновичті талантты мұғалім, жақсы әңгімеші және шешен, энциклопедиялық білімі, белсенді өмірлік ұстанымы бар, өз кәсібіне  адал, болып жатқан оқиғаларға өзіндік жеке көзқарасы бар адам ретінде  танытады.

 Өлкетану парағы Василий Амельяновичтің өз ауданының, облысының өлкетану қызметінен тыс қалмағанын баяндайды. Оның жеке қатысуымен және бастамасымен ауданның бірнеше ауылына тарихи есімдер қайтарылды, олар:  Бозбек,Танабай, бұрынғы Лермонтов атындағы елді мекен  Ілияс Омаров кенті (жеке тұлғаның туған жері), ал Қарағайлы ауылы – Шоқай ауылы (Арғын – тазы руының рулық тірегі) болып қайта құрылды. Ұлы ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің 150  жылдық мерейтойына орай, оның  есімін мәңгілікке қалдыру жөніндегі іс-шаралардың бастамашысы және қатысушысы Василий Амельянович болды. 1988  жылы аудандық тамыз мұғалімдер конференциясында Обаған ауданын Алтынсарин ауданына (Ы.Алтынсариннің туған жері) қайта атау туралы ұсынысты алғаш рет жариялады.

 Поэтикалық бет толығымен Василий Амельяновичтің өлеңдеріне арналды.  Оның поэзиясы-  автордың ақылға қонымды үлкен өмірлік тәжірибесі, қоғам мен халықтың дамуының тарихи сәттерін өзіндік бағалау, руханият пен достықтың бірлігі, нәзік махаббат лирикасы туралы философиялық ойлар. Студентер: УПБ- 12 тобынан Эвелина Яцола «Мұғалім»,   Томирис Әубәкірова (Ак-11)  «Ағаш секілді біртұтас, мықты», Карина Найзагаринова (У-21) «Жұппенен жыраққа дейін»,  Жетпісбаева Дильназ (У-21) «Шахмат және поэзия» , Виктория   Шулик (РХК-11)  «Бейімбет ұлымның жауабы» деген өлеңдерді мәнерлеп оқып берді.

 Спорт  парағы Василий Амельяновичті денешынықтыру мен спорттың үлкен жанкүйері ретінде көрсетеді.  Бұрын өзі де жақсы спортшы болған ол өмір бойы айналасындағыларды спортпен шұғылдануға насихаттап, баулыды.  Солтүстік Қазақстан облысының құрамында семсерлесу және баскетбол бойынша екі республикалық  спартакиаданың қатысушысы, спорттың көптеген түрінен разряды бар  спортшы.

 Зерттеу парағында біз ақынның өлең жазып қана қоймай, сонымен қатар ғылыми мақалалар, айталық, облыстың топонимикалық объектілеріне, тарихи тұлғаларға, қазақ тілінің тағдырына және өзге да тақырыптарға  қатысты материалдарға ден қойып, олардың «Учительская газета», «Қостанай таңы», «Костанайские новости», «Ленинский путь», «Убаганская заря», «Коммунизм  құрылысшысы», «Рабочий совхоза» мерзімді басылымдарында жарияланғанын білдік.

 Осы  ғажайып адам туралы естелікті бүгінгі күнге дейін тек отбасында ғана емес, сонымен қатар достары-әріптестері, облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі және Алтынсарин ауданының Докучаев орта мектебі ұжымдары, Сарыкөл және Алтынсарин аудандарының жұртшылығы үлкен құрмет, ұқыптылықпен және ризашылықпен сақтап келеді. Бірақ біз В.А. Шалабаевтың қызметін ғана емес, оның ақындық қыры туралы филология кафедрасының оқытушысы Т.Е.Ткаченконың «В. А. Шалабаев поэзиясындағы Отан тақырыбы» атты  зерттеуінен де танып, білдік.

 Ұстаздың қызы Бибігүлдің әкеге деген махаббаты  өлеңмен өрілгенін осынау шығарманы ерекше толқыныспен оқыған Әсия Жамалованың жеткізуінен  аңғару қиын емес еді, сондай-ақ  кейіпкеріміздің әріптесі С.А.Вечердің өзіндік өрнегі бар өлеңін Егор Нагайко мәнерлеп оқып берді.

 Шақырылған қонақтар Василий Амельяновичтің жан-жақты, сезімтал және сонымен бірге ерік-жігері мықты адам екендігі туралы айтты.  Қатысушылар осы бірегей ұстазға қатысты қызықты оқиға, әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады.  Шығармашыл педагог өмірінің басты қағидасы жас ұрпаққа, дәлірек айтсақ, мектеп бөлімінің У-12,УПБ-12, МКБ-12, Ар-21  топтарының студенттеріне өнеге-өсиет ретінде естіледі:  «Мен-ұстазбын...»,  «мен өндіретін  «алтын» өзге»;  «бәріне де бас ауыратын, ерекше әлемдерге жетелеймін...» , «... және де ертеңгі азамат, бүгінгі балаға алтын сөздер  іздеймін».

Л.В.Юсова,  филология кафедрасының оқытушысы,

Т.А.Швец, кітапхана меңгерушісі,   

Р.Ш.Урузбаева, кітапханашы  

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео