Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Дүйсенбі, 26 ақпанның 2024 12:13

Хореография кафедрасында Ашық есік күні!

  Кәсіптік оқу орнын таңдағанда, мектеп түлектері үшін оқу орнының барлық артықшылықтарын көру, білім беру процесіне деген көзқарастың маңыздылығын және жеке дамудың одан әрі мүмкіндіктерін, сондай-ақ таңдаған қызмет саласында болашақ маман ретінде оны жүзеге асыру перспективаларын бағалау маңызды.

  Хореография кафедрасының педагогтары 2024 жылдың 22 ақпанында оқушылар үшін онлайн форматта ашық есік күнін ұйымдастырып өткізді:
- "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы" ММ,
- "Қостанай қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебі" КММ,
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауданының білім бөлімі" ММ, 9-сынып түлектері қатысты. Бүгінгі таңда колледжде көптеген мамандықтар бойынша мамандар дайындалуда. Мектеп оқушыларына 3 курс студенті Майра Әбішева колледждің қалыптасу тарихы туралы айтып берді, колледждің тарихы, біздің оқу орнымызда дайындалатын "болашақ маманды даярлау" колледжінің мамандықтары туралы презентация көрсетілді. Онлайн форматта хореография кафедрасының оқу кабинеттері мен киім ауыстыратын бөлмелері көрсетілді. Бейне және презентация сілтемелері оқу топтарының жетекшілеріне жіберілді.
Бірінші курстан бастап кәсіптік даярлыққа көп көңіл бөлінеді, сонымен қатар студенттердің бос уақытын колледжде өткізілетін "дәстүрлі іс-шаралар туралы", мәдениет бөлімінің 2-курс студенті Алексеенко Виктория таныстырды. Виктория біздің колледждің барлық іс-шаралары туралы өте айқын айттып берді.
  Қорытынды бөлімде болашақ студенттер қызықты сұрақтарға жауап алды: құжаттарды тапсыру ережелері, түсу емтихандарына дайындық бойынша қосымша курстар, үміткерлерді қабылдау саны туралы 2024-2025 оқу жылының жоспарлары айтылды.
  Ашық есік күні мейірімді атмосферада өтіп, іс-шараны ұйымдастырушылар мен қонақтарға жақсы әсер қалдырды.

Хореография кафедрасының оқытушысы Первушкина М.В.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео