Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді. Би өнерімен айналысу балалардың көркемдік талғамын дамытады, олардың орындаушылығының сұлулығы мен байсалдылығын тәрбиелейді, жалпы мәдениетін қалыптастырады, балалардың гормоникалық, көркемдік-эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, балалардан күш-қуатты, жинақылықты талап ететін би өнері олардың еңбексүйгіштігін көтереді, ерігі мен мінез-құлқын шынықтырады. Бүгін көктемнің алғашқы күнінде РХК-41 тобының студенті Қонуспай Тахмина Абзалқызы мемлекеттік тәжірибе аясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің балалар шығармашылығы мектебі» ҚММ «Алтынай» би ұжымында өзінің алғашқы ашық сабағын берді. Тахмина сабақ беру әдісі мен болашақ хореография пәнінің мұғалімі ретінде өзінің көрсеткен сабағы үшін, мектеп әдіскерлері мен би ұжымының жетекшісінің жоғарғы бағалауын алды. Ол сабақ беру барысында түрлі әдістер қолдана отырып, балаларды ойын арқылы шыдамдылыққа, әсемдікке, сұлулыққа баулыды. Ең басты айта кететіні ол балаларға деген қамқорлығы мен би өнеріне деген махабатын толықтай көрсете білді. Хореография кафедрасы студенттерінің жетістіктерін мақтан етеді.
Хореография кафедрасының оқытушысы
Шаяхметова Б.Е