Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 01 наурыздың 2024 14:10

«Қайырымдылық жасай білейік!»

Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайындағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік,

достыққа адалдық таныту - адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет. Сөзіңнен емес ісіңнен, жүрегіңді жарып шығатын қайырлы іс ол адамзаттың бойындағы асыл қасиеттерінің бірі. Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. Сол үшінде біз жас ұрпаққа қайырымдылық жасау, адамдарға мейірімділік көрсету керектігін үйрету керекпіз. Кураторлық сағат үш кезеңнен тұрады. 1 кезең -ұйымдастыру кезеңі. Бұл кезең ашық сабақтың басы, яғни сабақ тақырыбын бастамас бұрын, топ арасында жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында өткізілді. Бұл кезеңде «Жылы сурет» әдісін пайдалану арқылы білім алушылармен  амандасып, келесі кезекте «биле-биле-билейік» әдісі арқылы «Қайырымдылық жасай білейік» деген сабақ тақырыбын айқындады. 2 кезең- негізгі бөлім. Жалпы бұл кезеңде білім алушылармен бірнеше АКТ құралдары мен заманауи әдістерді, платформаларды пайдалану арқылы тақырыпты өрбітті. Ең алдымен «Жақсы ой мен жақсы сөз – жақсы істерге жетелейді» дәйек сөзінің мағынасын ашу үшін жиырма бірінші ғасырдағы озық технологиялардың бірі «Е-learningapps» бағдарламасын пайдаланды. Бұл тапсырма негізінен білім алушылардың бойындағы асыл қасиеттерін арттырып, жамандықтан арылуға мүмкіндік береді. Топқа бөліну мақсатында «Wordwall» әдісі қолданылды. Сонымен қатар «Нұрлы күн» әдісін пайдалану арқылы студенттердің бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттерінің артуына көмек берді. Бұл әдісте қайырымдылыққа байланысты жағдаяттарды шешіп, өз ойларын ұсына алды. «Padlet» тақтасын пайдалану арқылы студенттер қайырымдылыққа байланысты өз ойлары мен суреттерді енгізе отыра коллаж жасады. . Білім алушылар келсі кезекте өз топтың тапсырмаларын келесі тақырыптар бойынша,  «Қайырымдылық асыл қасиет», «Қайырымдылық қорлары», «Қайырымдылықтың біз білмейтін тұстары», «Мектепте қайырымдылық іс-шараларын өткізу жолдары»  ойларын ашып, тақырыпты өрбітті. Бұл топтық жұмыста тек қана қайырымдылық жұмыстары ғана емес Қазақстан бойынша, Қостанай қаласы бойынша қандай қайырымдылық жұмыстары бар екенін өте жоғары дәрежеде көрсетті. 3 кезең – сабақтың қорытынды кезеңі. Сабақ соңында топтың шығармашылық бейнебаянын көріп, өзара пікір алмасты. Көрсетілген бейнебаян тек қайырымдылық қасиетін емес сондай-ақ бірлік, ізгілік, татулық секілді ізгі қасиеттерінің қалыптасуына көмектесті. Кері байланыс жасау үшін «Қайырымдылық нұры» күн шуақтарын толтыру арқылы өткізілді. Сабақты аяқтау мақсатында «Алғыс» әнін шырқап, достарына, бір-біріне рақметтерін жеткізді. Қорытындылай келе, «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» - деген сөзбен аяқтағым келіп тұр. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Бұл ашық тәрбие сағатымызда тек қайырымдылық жасап қана қоймай, қазіргі жастардың бойында осынау бір қасиеттердің әрдайым табылғанын қалайтындығымызды жеткізгіміз келді.

Педагогика және психология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы

Кубегенова Г.Ж

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео