Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 06 наурыздың 2024 12:15

Кәсіби байқау қорытындысы

Колледждің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 1 ақпанынан 6 наурызына дейін колледж педагогтері үшін «Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің үздік педагогі»

кәсіби шеберлік байқауының сырттай кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, үздік педагогикалық тәжірибені анықтау; педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру; біліктілікті арттыру үшін мотивация құру; шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтерді анықтау.

Байқаудың міндеттері:

1)  озық педагогикалық тәжірибені тарату;

2) педагог  мәртебесін нығайтуға және оның имиджін арттыруға жәрдемдесу;

3)  үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

4)  шығармашылық қызметті жандандыру, педагог қызметкерлердің кәсіби қызметін ынталандыру.

Байқаудың бірінші сырттай кезеңіне колледждің алты педагогі қатысып, озық педагогикалық тәжірибені тасымалдайтын бейнеролик, жұмысты бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері бар кесте, сондай - ақ ұсынылған тақырыптардың: «Мен мұғалім мамандығын таңдадым», «Менің педагогикалық философиям», «Білім берудегі сын-қатерлер: табыс тарихы», «Мұғалімнің оқушының өміріне әсері: жеке табыс тарихы»,  «Тәрбиеші - тәлімгер жас мұғалімдерді шабыттандырады және бағыттайды» - біріне эссе жазу ұсынылды. Байқаудың екінші кезеңіне колледждің бес педагогі қатысып, оқу сабақтарын өткізу кезінде өзінің кәсіби тәжірибесін көрсетті.  Оқу сабақтарын бағалау кезінде қазылар алқасының мүшелері мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алды: оқу сабағының мақсаттарының негізділігі, мазмұнын іріктеудің оңтайлылығы, педагогтің білім алушыларды белсенді оқытуға тарту жөніндегі қызметі, дидактикалық жарақтандыру, білім алушылардың қызметі және сабақ барысында бақылау-бағалау қызметі. Комиссия  мүшелері сабақтарды өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін, заманауи білім беру технологияларын шебер меңгеру мен пайдалануды, білім алушылардың рефлексивті-бағалау қызметін дамыту жөніндегі жұмысты атап өтті.

Байқау қорытындысы мен қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

«Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің үздік педагогі» байқауындағы Бас жүлде шет тілдері кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Тамаша Залеловна Мұхамеджароваға бұйырды;

Бірінші орынға мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушысы Любовь Викторовна  Саулина;

Екінші орынға жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Ольга Антоновна  Рихтер ие болды;

Үшінші орынды екі педагог бөлісті, олар: хореография кафедрасының оқытушысы Михаил Юрьевич Борский және филология кафедрасының оқытушысы Татьяна Евгеньевна Ткаченко.

Құрметті әріптестер!  Байқау нәтижелері-бұл әрқайсыңыздың жоғары кәсібилігіңіз бен кемелдікке деген ұмтылысыңыздың лайықты танылуы.  Сіздің еңбекқорлығыңыз, талантыңыз және өз ісіңізге деген адалдығыңыз жоғары нәтижелерге және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.  Сіздерге жаңа шығармашылық және кәсіби табыстар, жоғары нәтижелер және кәсіби қызметте жетістіктер тілейміз!

Т.А.Чуркина,  директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео