Директордың кәсіби ісі жөніңдегі орынбасары Исмагулова Гульнур Ундосыновна өз баяндамасында: «Мамандық таңдау – кез келген адамның ересек өмірге жасайтын алғашқы қадамдарының бірі болып саналатының жеткізді. Қандай мамандық таңдау керек және болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болуға бола ма? Қай мамандық қаржылық тәуелсіздік әкеледі? Жасөспірімге бұл сұрақтарға нақты жауап беру қиындық тудырады. Себебі ол, мамандықтар әлемімен жетік таныс емес, бірде бір рет жұмыс істеп көрмеген. Ал жас кезде мамандығын дұрыс таңдамаған ересектерге өмірін түбегейлі өзгертіп, басқа қызмет түріне ауысу тіптен қиын» - деп айтып өтті.
Оқушылардың мамандық таңдауы мектеп жантанушысың да аландататын мәселенің бірі. Нуржанова Айнагуль Болатовна 9 сынып оқушыларымен мамандыққа бейімділіктерің анықтау барысында алынған тест нәтежиелерімен бөлісе отырып, ата - аналарға арналған тақырыптық нұсқаулықтармен бөлісті.
Кәсіптік бағдар беру аясында ата-аналардың назарына буклеттер, презентациялар және бейнематериалдар түрінде колледж мамандықтары туралы ақпарат ұсынылды. Ата-аналар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
Музыка және сәндік-қолданбалы өнер
кафедрасының оқытушылары Тулепбаева Ж.С., Сагумбаева А.С.