Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 01 сәуірдің 2024 10:36

«Үздік оқу-әдістемелік кешен» байқауының қорытындысы шығарылды

2023-2024 оқу жылының екінші жартыжылдығында «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен  оқу-әдістемелік жинақтарымен қамтамасыз етуді жақсартуға және оқыту сапасын арттыруға ұдайы ұмтылу аясында «Мұғалімге арналған үздік оқу-әдістемелік кешен» байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

Байқауға колледждің 7 оқытушысы қатысып, өздерінің бірегей әдістемелік әзірлемелері мен оқыту тәсілдерін ұсынды:

Волошко Валентина Ивановна – педагогика және психология кафедрасының оқытушысы;

Кружнова Мария Павловна – шетел тілдері кафедрасының оқытушысы;

Первушкина Марина Вячеславовна – хореография кафедрасының оқытушысы;

Подкалюк Лилия Николаевна – мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушысы;

Нұржакупова Гүлшат Кенжетаевна – музыка және СҚӨ кафедрасының оқытушысы;

Сатыбалды Марияш Нұрланқызы – жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушысы;

Юркевич Татьяна Андреевна - Математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы.

Байқауға қатысушылардың әрқайсысы кәсібилік пен оқуға шығармашылық көзқарасын жоғары деңгейде көрсетті. Олардың жұмыстарын оқытушылар мен кафедра меңгерушілерінен құралған сарапшы әділқазылар мұқият бағалады.

Ұсынылған оқу-әдістемелік кешендерді жан-жақты талдап, қазылар алқасы мынадай қорытындыға келді:

Бірінші орын математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Татьяна Андреевна Юркевичке оқытудағы жаңашыл көзқарасы және интерактивті оқу материалдарын әзірлегені үшін берілді.

Екінші орынды мектепке дейінгі білім беру кафедрасының оқытушысы Лилия Николаевна Подкалюк оқуға дараланған тәсілді дамытудағы жүйелі жұмысы үшін иеленді.

Үшінші орынды хореография кафедрасының оқытушысы Марина Вячеславовна Первушкина студенттерді шығармашылық үдеріске баулу және оқытудың инновациялық әдістері арқылы көркемдік әлеуетін дамытуы үшін иеленді.

Байқауға қатысушылардың барлығы колледждің оқу процесіне қосқан шығармашылық үлесі мен еңбектері үшін лайықты алғысқа ие болды. Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз, алдағы уақытта да табыстар мен жетістіктер тілейміз.

 

Кусеубаева Жанар Абилкасовна, колледж әдіскері

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео