Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 02 сәуірдің 2024 10:53

Оқу-әдістемелік кеңес отырысы

2024 жылғы 29 наурызда Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің «Педагогтердің инновациялық қызметі кәсіптік білім беру сапасын арттыру факторы ретінде»

тақырыбы бойынша оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Білім беру ұйымы педагогтері жұмысының басым бағыттарының бірі білім беру жүйесін дамыту үшін айқындаушы факторға айналатын инновациялық қызмет болып табылады. Педагогті инновациялық қызметке қосу оның кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға әсер етеді, оның жаңа білім алуға, біліктілікті арттыруға, өзін-өзі көрсетуге, педагогикалық міндеттерді шешуде өзін-өзі жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуетті дамытуға деген ұмтылысын белсендіреді. Тиісінше, колледж педагогтерінің инновациялық қызметі кәсіптік білім беру сапасын арттырудың жетекші факторы болып табылады.

Оқу-әдістемелік кеңестің отырысында келесі мәселелер қаралды:

-2024 жылғы 30 қаңтардағы № 3 оқу-әдістемелік кеңестің ұсынымдарын іске асыру туралы /Т.А.Чуркина/;

-Колледжде іске асырылатын мамандықтар бойынша өндірістік практиканы әдістемелік сүйемелдеудің тиімділігін талдау /К. С. Жунусова/;

-Колледж  педагогтері мен білім алушыларының жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияларға, байқауларға дайындығы және қатысуы туралы /Ж.А. Кусеубаева/;

-Педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату педагогикалық шеберлікті арттыру факторларының бірі ретінде /Т.А.Чуркина/;

-Математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы  Данара Жылгельдыновна Тулепованың «Білім беру роботтехникасын пайдалана отырып оқытудың артықшылықтары мен сын-қатерлері: педагогикалық тәжірибе және даму перспективалары» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі қаралды /Д.Ж. Тулепова/.

Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша оқу-әдістемелік кеңес мүшелері келесі ұсынымдарды қабылдады:

1)Жас педагог мектебінің жұмыс жоспарына білім алушылардың практикасын әдістемелік сүйемелдеу бойынша жас және жаңадан қабылданған педагогтерді оқыту жөніндегі мәселелерді енгізу;

2)колледж педагогтері мен білім алушылардың ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға дайындығы мен қатысуы жөніндегі жұмысты жалғастыру;

3)облыстық оқу-әдістемелік кеңес арқылы математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Д.Ж. Тулепованың жұмыс тәжірибесін жинақтауды ұсыну;

4)колледж педагог қызметкерлерінің педагогикалық бастамашыл, инновациялық, баспа және ғылыми-әдістемелік қызметін дамытуға, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге және шығаруға, озық педагогикалық тәжірибені қорытуға жәрдемдесу.

Отырыстың екінші бөлігінде колледж педагогтері арасында «Педагогтің үздік оқу-әдістемелік кешені» конкурсының қорытындысы шығарылды, оған педагогтер В.И. Волошко, М.П. Кружнова, Г.К. Нуржакупова, М.В. Первушкина, Л.Н. Подкалюк, М.Н. Сатыбалды, Т.А. Юркевич қатысты.

Отырыс соңында оқу-әдістемелік кеңес мүшелері математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Данара Жылгельдыновна Тулепованың жұмыс тәжірибесінен материалдарды 2024 жылдың сәуір айында облыстық оқу-әдістемелік кеңесте қарауға ұсынды.

Т.А.Чуркина,

директордың оқу-әдістемелік жұмыс

жөніндегі орынбасары

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео