Отырыстағы басты мәселелердің бірі- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестаттау қағидалары мен аттестаттауды өткізу шарттарын» (жаңа редакцияда- ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 04 сәуірдегі №72 бұйрығы) талқылау болды. Педагогтер біліктілік санаттарын беру (растау) шарттарымен және тәртібімен, «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттарына қойылатын талаптармен егжей-тегжей танысты. Сондай-ақ, осы Қағидалардың негізгі қосымшалары қарастырылды, бұл 15-қосымша: «Педагог материалдарын(портфолионы) бағалау парағы», 16-қосымша: «Сабақты бақылау парағы»; портфолио, педагог сабақтарын бағалау критерийлері қаралды. Отырыстың екінші бөлігінде педагогтер Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ ұйымдастырған Педагогтерді аттестаттау ережелерін түсіндіру бойынша вебинарға қатысты.
Т.А. Чуркина, директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары