Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 15 сәуірдің 2024 09:52

Мектепке дейінгі ұйымдар әртүрлі, бірақ олардың мақсаттары бір.

Заманауи білім беру жүйесі колледж  базасында теориялық білім алуды, ал әлеуметтік серіктестер базасында алған білімдерін  практикадан өткізуді және жетілдіруді көздейтін оқытудың дуальды түрі болып табылады. Өндірістік практикадан өту болашақ балабақша тәрбиешілерін оқытудың қажетті кезеңі болып табылады.

В-21 тобының өндірістік практикасының бірінші кезеңі қаламыздағы балабақшалардың әртүрлі  түрлерімен таныстыру болды. Әрбір балабақша оны басқа балабақшалардан ерекшелендіретін өзінің «ерекшеліктерін» көрсетті.

№ 54 бөбекжай балабақшасы білім алушыларды жылы қарсы алды. Олар үшін педагогтар А.К. Рамазанова, Н.С. Криштанова, А. А. Алимбаева және   О. А. Черноус «Балабақшадағы инженерлік-техникалық шығармашылық» шеберлік сыныбын ұйымдастырып өткізді, оның мақсаты балабақшада қолданылатын робототехниканың заманауи мүмкіндіктерін таныстыру және көрсету болды.

Шебер-сынып  басында Е. А. Захарова мектеп жасына дейінгі балаларға арналған робототехниканы ұйымдастыру мен өткізудің негізгі идеялары, робототехниканың көмегімен шешілетін танымдық даму міндеттері, өскелең ұрпақтың кәсіби бағдары туралы ақпарат берді. Содан кейін тәрбиешілер бағдарламалау дағдыларын дамытуға арналған жиынтықтардың ерекшеліктерін айтып, көрсетті: «Робот-тышқан», «Робот Вее», «Робот Botley», «Matata LAB». Әңгіме барысында білім алушыларды тәжірибе түрінде іс-жүзінде  өткізуге ұйымдастырылды, бұл олардың қосымша қызығушылығын тудырды.

№7 бөбекжай-балабақшасы КМҚК,  білім алушыларды спорттық  және музыкалық  іс-шаралармен қарсы алды.  Педагогтар ересек топпен бірге ғарышкерлер күніне арналған спорттық эстафета өткізді. Білім алушылар балалардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынасын, олардың командалық жұмысын, тәрбиешілердің эстафета кезінде балаларға бақылау және көмек көрсету қабілетін байқады.  Әрі қарай, музыкалық жетекші мектепалды топтың балаларымен дәстүрден тыс формада, бірақ классикалық музыкалық іс-әрекеттің барлық құрылымдық компоненттерін сақтай отырып ұйымдастырылған іс-шаралар өткізді. Білім алушылардың іс-шаралардан алған әсерлері керемет болды. Педагогтар білім алушыларға ойын түріндегі кез келген іс-әрекетті жүргізудің жанды үлгісін берді, ал балалар күлімсіреп жағымды эмоциялар сыйлады.

Ғарышкерлер күні Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің білім алушылары, «Родничок» жеке-мемлекеттік балабақшасы өз базасында қабылдады. Білім алушылар үшін мектепалды даярлық топтың балалары, олардың тәрбиешілері, музыкалық жетекшісі ойын-сауық-танымдық іс-шара ұйымдастырды.  Балабақша педагогтары  О.Д. Сидорина, В. П. Тригубчак,

Е. П. Матвеева «Ғарыштық саяхат» балалармен және педагогтармен, колледж білім алушылармен  өзара тығыз қарым-қатынасынта белсенді түрде ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, № 69,  № 5 бөбекжай КМҚК  педагогикалық ұжымдары білім алушылардың балабақшасын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Әр сапар балабақшаға экскурсиямен аяқталды, онда білім алушылар  әр МҰ-ның пәндік-кеңістіктік және даму ортасын көре алды.

 Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына бару білім алушыларға балабақшалардың  алуан түрлілігін көрсетті, бірақ ортақ мақсат ол– біздің республика азаматтарының өскелең ұрпағын жан-жақты тәрбиелеу және дамыту екенін ұқты.

 

Тәжірибе әдіскері Подкалюк Л.Н.

В–21 тобының білім алушысы Кужим О.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео