Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Дүйсенбі, 15 сәуірдің 2024 18:46

Ғылым апталығының салтанатты ашылуы

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде кәсіби мереке – Ғылым қызметкерлері күні ерекше аталып өтілуде. 2024 жылдың 15 сәуірінде оқытушылар мен «Пирамида»

ғылыми студенттік қоғамының қатысушылары дайындаған «Өмірдегі ғылым. Ғылым өмір үшін» тақырыбында Ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті. «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамы – ғылыми, ұйымдастырушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын колледж білім алушылары мен оқытушыларының негізінде біріккен қоғамдық ұйым. 2023-2024 оқу жылында «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының жұмысы барысында колледж білім алушылары түрлі олимпиадаларға, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларға қатысып жоғары нәтижелер көрсетті.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде жыл сайынғы Ғылым апталығын өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл күндері білім алушылар мен оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының дайын өнімдерін ұсынады. Ғылым апталығының әр күні қызықты оқиғаларға толы болады: «Объективтегі ғылым» фотобайқауы, кітапханада «Шексіз ғылым» тақырыбындағы кітап көрмесі, «Ақылдылар» интеллектуалды ойыны, «Ақылға арналған гимнастика» интерактивті ойын алаңы, «Жаңа көкжиектерді ашу» ғылыми-зерттеу тренингі, «Ғылыммен – болашаққа» білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы.
Құрметті оқытушылар мен білім алушылар 2024 жылдың 15-19 сәуірі аралығында сіздерді ғылым әлеміне, қызықты жаңалықтар мен жаңа мүмкіндіктерді тамашалауға шақырамыз!

Қасқырбаева Мөлдір Ормантайқызы, әдіскер

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео