Осыған байланысты қоғамда өз саласында танылған кәсіпқой болу үшін үнемі дамып, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге назар аудару керек деген түсінік біртіндеп қалыптасуда. Педагогті магистратурада оқыту процесі «кең профильді маман» болуға және таңдалған мамандық бойынша біліктіліктің жоғары деңгейін алуға мүмкіндік береді.
2024 жылдың 09 сәуірінде Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде (Омбы қ., Ресей Федерациясы) мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру факультетінде магистрлік диссертациялар қорғалды. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің педагогтері Людмила Юрьевна Кострова, Алия Утегеновна Молдабаева, Маншук Женисовна Нурпеисова «Үлкен мектеп жасына дейінгі балаларда туған өлкенің табиғаты туралы жүйелі білімді қалыптастыру» (А.У. Молдабаева), «Көпұлтты балабақшада 5-6 жастағы балалардың орыс тілді сөйлеуін дамыту» (Л.Ю. Кострова) «Үлкен мектеп жасына дейінгі балаларда отбасылық құндылықтарды қалыптастыру процесін педагогикалық сүйемелдеу» (М.Ж. Нурпеисова) тақырыптары бойынша диссертацияларын қорғады. Қорғау қорытындысы бойынша ұсынылған еңбектері «өте жақсы» деп бағаланды,оларға «Педагогикалық білім беру магистрі (мектепке дейінгі білім беру)» дәрежесі берілді. Педагогтерді магистрлік диссертацияларын сәтті қорғауымен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, күш-жігер, шығармашылық шабыт және ғылыми еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Т. А. Чуркина, директордың оқу-
әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары