Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 18 сәуірдің 2024 15:07

«Заманауи педагог тұлғасына қойылатын талаптар» әдістемелік фестивалі

2024 жылдың 17 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный тау-кен-технологиялық колледжі» КМҚК  базасында Қостанай облысы әкімдігі білім

басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Заманауи педагог тұлғасына қойылатын талаптар» атты облыстық әдістемелік фестивалі өтті.

Мақсаты: кәсіби қызметте өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге ықпал ететін қазіргі педагогтің жеке басына қойылатын негізгі талаптарды қарастыру.

Обылыстық семинардың ашылуында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары Гульнара Маратовна Утегенова мен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный тау-кен-технологиялық колледжі» КМҚК директоры Қайсар Сейткасымович Канешов фестивалге қатысушыларды құттықтап, күніміздің сәтті өтуіңе сәттілік тіледі. Одан әрі «Білім- Инновация» облыстық педагогикалық шеберлік мектебінің төрағасы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Оксана Валерьевна Амелина «ХХІ ғасыр педагогінің қазіргі заманғы негізгі құзыреттері мен дағдылары» тақырыбында сөз сөйлеп, қатысушыларға «Қазіргі заман педагогі бойында қандай қасиеттер болуы керек» деген ой қозғау  жасау ұсынылды. Содан соң зертханалар бойынша жұмыс жүргізілді. 1-зертхана «Сын тұрғысынан ойлау», 2-зерхана «Шығармашылық ойлау», 3-зертхана «Коммуникация», 4-зерхана «Коорперация». Әр зертханада әртүлі тақырыбына сай әдіс-тәсілдер арқылы тақырыбы ашылды. Қарым-қатынас іскерлік тұрғыдан маңызды болды. Басынан аяғына дейін қызықты, жемісті болды. Өте көп әдіс-тәсілдер көрсетілді. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын және шығармашылық табыс тілеймін.

Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы,

филология кафедрасының меңгерушісі

Кенжегарина А.А.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео