Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 19 сәуірдің 2024 14:16

Педагогикалық идеялар фестивалі

18 сәуір күні Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Педагогикалық идеялар фестивалі» тақырыбында озық педагогикалық тәжірибе мектебінің отырысы өтті.

Отырыс барысында колледж педагогтары сабақ кезінде қолдануға арналған әдістемелік қосымшалары мен  педагогикалық жобаларын таныстырды. Әр кафедрада құрылған шығармашылық топтардың жұмысының жемісін көрдік.

Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушылары жасаған  «Театрландырылған іс-әрекет шығармашылық дамудың құралы ретінде мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері» атты қосымшаны таныстырды. Балаларға арналған фильмдерді қазақ тілінде дыбыстап, балабақшада театр өнерін дәріптеуге арналған жоба өте қызықты болып шықты. Шығармашылық топта Абжанова А. К. Рахпанова Б.Г. мен Нурпеисова М.Н. бірге жұмыс істеген.

Математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары Юркевич Т.А. Султанова Н.Т. Тулепова Д.Ж. мен Салькенова М.К. жасаған  «Интернетпен жұмыс» оқу практикасы бойынша білім беру ресурсы студенттердің интернет ресурстарымен еш қиындықсыз жұмыс істеуіне арналған, әрі Youtube виедохостингінде каналы да бар екен.

Музыка және сәндік-қолданбалы шеберлік кафедрасының оқытушылары Бактыгалиева А. К., Бактыгалиев А. К. Гливина Е. В. «Фортепианоға арналған қазақ әндерінің аударма жинағы» атты қосымшаны көрсетіп, нотаға түсірілген Абай әндерін жиналған педагогтармен қосылып шырқады.

Жаратылыстану-гуманитарлық  пәндер кафедра оқытушылары Кравченко Т.Н. мен Брахметова А.А.  «Практикалық сабақ-алған білімдерін бекітудің маңызды элементі ретінде» атты анатомия пәні аясында жасалған қосымшаны көрсетті, аталған жұмыс облыс көлемінде 1 орынға ие болған.

Озық педагогикалық тәжірибе мектебінің отырысы жоғары деңгейде өтті. Көрсетілген әдістемелік құралдар мен қосымшалар отырысқа қатысқан педагогтар үшін пайдалы болады деген сенімдеміз.

Озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жетекшісі

Демесинова Жанна Болатовна

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео